Ислам Әбішев: Тергеушілер «айыптың бір бөлігін мойындай сал да, шығып кет» деп айтты… (видео)

21
7971

Елордада Ислам Әбішевке қатысты сот ісі өтуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы ланкестермен бірдей жағдайда тасымалданып келген. Ал тергеушілер кінәні мойындасаң, бостандыққа шығасың деп шарт қойыпты.

Ислам Әбішев кінәсін мойындаған жоқ. Өзіне қарсы лауазымды тұлғалар тапсырыс жасағанына сенімді.

Ол кімдер және қандай мүдде ұстанғаны туралы Еуразия бірінші арнасының тілшісі Олжас Сайлаубекұлы Ислам Әбішевтің өзімен тілдесіп, арнайы бағдарламада көрерменге ұсынған екен.

21 ПІКІРЛЕР

  1. Адвокаттардың айтуынша екі атпал азамат Əбішев пен Түкиев те дәл бүгін бостандыққа шықты дейді.Əумин дəйім тілектері қабыл болып, қос бірдей қайсар азамат еркіндікке шықсын!

  2. Алланың да, адамның да алдында ары таза азамат Əбішевті Жаратушы иеміз өзі ақ қорғап алып шығады. Сəл ғана қалды шыдайық, кетейік.

  3. Жоқ кінəні мойындатуға талпынуы барып тұрған заңсыздық. Ислам Əбішевті қинаса алдарынан мұнысы əйтеуір бір шығарын білмей ме?

  4. Бүгінгі куəгер Жампозовқа жанды пікірлерді айтқызып отырған шебер Алла енді бостандықты нəсіп етсе екен!Ислам Əбішевке бостандық!

  5. Ислам аға туралы халықтың ыстық ықыласын, ол кісі туралы тебірене жазған жазбаларды оқып отырып осындай жаны ізгі жанның әділдігіне адалдығына сенбеу əсте мүмкін емес.

  6. Исламдай Елдің еріне ешкімнің айтар міні жоқ. Қайта қолдаушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Алла разы болсын!

  7. Жазықсыз жапа шегудің аз-ақ алдында тұрған атпал азаматтарды Алла назарына алып, тілектерін қабыл етсін!Ислам Əбішке бостандық!!!

  8. Сотымыздың халы осындай болса онда ел дамуы, адам бостандығы мен құқығы туралы əңгіме айтудың өзі артық

  9. Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ауыл ақсақалдары, ақын-жазушылар, өнер иелері барлығы қолдап жатқан Ислам Əбішевке Құдай қуат берсін! Сабыр берсін! Оң шешімін тапсын!

  10. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының тізгінін ұстағандарға тікелей қарата айтылған Президент жолдауы мүлтіксіз орындалып, шын айыптыларға қатаң шара қолдансын! Осыны талап етеміз!

  11. Шын кінəлілердің жазасын Алла берсін!Ислам көкемізді Аллаға аманаттадық. Сотқа келіп қолдаушылардың жəне барша тілеулестердің Алла тілегін қабыл етсін!

  12. Алла қайырын берсін! Бүгінгі сот оңынан шешілсін! Ислам Əбіштей қайраткерге келгенде сотқа да Құдай ынсап берсін!

  13. Сот емес қолдан ұйымдастырылған спектакль. Барып тұрған сұмдық? «Əкесін сабағанды көріп едік, байлап қойып сабағанды бірінші көруім.Арыстай азаматтарымыз аман шықсын!

  14. Ислам аға! Сөзіңіз қайтпай Табанды болыңыз! Налымаңыз! Сізге бір Алланың өзі күш-қуат берсін!

  15. Тергеушілердің бұл әрекеті психологиялық тұрғыдан олар үшін қалыпты. Өйткені кім кімге де болса Жазасы жеңілдеуі үшін мойындай салу- оңай болуы мүмкін. Ал істемеген нәрсе үшін істедім деп мойындап емес, өз шындығында қасқайып тұрған адамдар- 10, 20 жылға сотталып кетсе де Халықтың алдында қарабет болудан безіп, Сөзінде тұрушылар! Ислам Әбішевтің кінәсіз екеніне сенімдіміз, себебі ол Өз Шындығын Жоғалтпаған адам!

  16. Мойындасаң, босатамыз дегенді тек кинодан көретін едік. Киномыз реалға айналған ба дейм. Масқара. Қазіргі Қазақ сотының бей-жайы Осындай.

  17. Ислам Әбішев осы сөзінен-ақ оның арының таза, іске қатысы жоқ екенін айғақтап тұр. Әділдікті ту еткен арда азамат бостандыққа шығуы тиіс. Алдағы сот әділ болып, Ислам Әбішевтің сот залында босауына тілектеспіз.

  18. Исекеңе бостандық нəсіп болсын! Денсаулығы мықты болып, жеңіп шықсын! Алла ақ батасын қабыл етсін сотқа келген ақсақаллдардың.

  19. Қара нардай қасқайып əділетскздікке қарсы тұрған қайран Ер! Тілегіңіз орындалсын! «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» демекші сіз əлі ақ жарқылдап шығасыз аға!

  20. Нағыз ердің ері Ислам Əбішев! Басқа адам болса басының амандығы үшін жасамаған ісін мойындап, немесе пара беріп жылы жаба салар еді. Əділдік талап еткен ниетіеізге орай сол Əділдік жеңіп шықсын!

  21. Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ! Арының таза әділдікті ту еткен рухы биік Ислам Әбішевтің жауабы тағыда адалдығын көрсетіп тұр ! Еш уақытта арын сата алмайтын Ислам Әлмаханұлына Алла жар болсын ! Шындық пен әділдікті ту еткен азамат ертеңгі сотта жеңісті болып бостандыққа шығуына тілектеспін !

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз