Қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты
2019 ж. 17 қазан
3786
0
![](https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2019/10/2019101704510529.jpg)
Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Arab News агенттігінің хабарлауынша, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус басқа бір көлікке соғылған.
Кей деректерге қарағанда, 39 жолаушысы бар жекеменшік автобус жүк көлігіне барып соғылған. Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.