Сүлейменов құрған қозғалыстың вице-президенті ұсталды
2019 ж. 16 қазан
2603
0
"Невада-Семей" антиядролық қозғалысының вице-президенті ұсталды. Алматы полиция департаменті де аталған факті бойынша ақпаратты растады, - деп хабарлайды abai.kz.
Алматы полициясы "Невада-Семей" (Невада-Семипалатинск) антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаевты ұстаған.
"Алматы ПД азамат Д-ның ҚР ҚК 190 бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс жасады деген күдікпен қыркүйек айында ұсталғанын растайды", делінген хабарламада.
Ұсталған Хорон Дадаевқа Қылмыстық Кодекстің 190 бабы, 4-тармағы бойынша "Алдау арқылы немесе ақпараттық жүйе қолданушысының сенімін өз мақсатына пайдалану арқылы алаяқтық жасады" деген айып тағылған.
Аталған іс қазір Сот қарауына жіберілген. Дадаевтың кінәсі дәлелденген жағдайда ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде абақтыға отыруы және дүние-мүлкін тәркілеуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін биылғы жылдың тамыз айында Алматының Медеу аудандық криминалдық полиция бөлімі 69 жастағы Хорон Дадаевқа іздеу жариялаған.