Алматы әкімдігі жұмысшылардың ереуіліне қатысты түсінік берді
2019 ж. 15 қазан
1993
0
Алматы қаласының әкімдігі ереуілге шыққан жұмысшыларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР СІМ Алматы қалалық мобильді басқармасының хабарлауынша, мәселе Рысқұлов даңғылы мен Емцова көшесінің қиылысында жол айырығын салып жатыр «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жайында болып отыр.
Мердігердің айтуынша, қазіргі уақытта олардың жұмысшыларға берешегі бар. Тапсырыс беруші тарапынан (Алматы қалалық мобильді басқармасы) нақты орындалған жұмыс үшін төлем толығымен төленді және мердігер алдында қарызы жоқ.
Сонымен қатар, бүгін Алматы әкімдігінің Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшылары жұмысшылармен кездесіп оларға еңбек заңнамасы бойынша ақпарат берді.
"Рысқұлов пен Емцов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысын «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жүргізуде. Серіктестік 32 жұмысшыға жалақы төлемей отыр. Олардың берешегі 18,3 млн теңгені құрады. Қарыз мерзімі 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың мамырына дейін. Осы факті бойынша Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді. Алайда бүгінг күнге дейін талаптар орындалмай отыр. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша шешім шығару үшін жіберілді", - деп хабарлады әкімдіктен.
Ереуілдің суреттері әлеуметтік желілерде тараған болатын.