"Басыңды иіп, кешірім сұра": Танымал қоғам қайраткері Арман Шураевқа хат жазды
2019 ж. 12 қазан
18349
24
АРМАН ШУРАЕВҚА ХАТ!
Арман балам!
Сіздің қазанның 10-ынан 11-іне ауып бара жатқан түнде Абзал Құспанға жолдаған видеоарнауыңызды көргенде ойымызда ештеңе жоқ еді. Тек сөздеріңіздің арасында «түн жамылып отырмын» яғни жалған сөйлегім келмейді, «мен қанішер емеспін», «бір қатынға интервью беріп отырып, өзің де қатын болмасайшы айналайын!» деп алып, «Абзал бауырым, басқа қатты сөздерді пайдаланғым келіп отыр, бірақ өзімді тежеп отырмын», «Байқап сөйле!» деген сөздеріңізден ызғар есіп тұрғанын мойындарсыз. Өзіңізді ұстап отырғандайсыз, бірақ түріңізден де, дауысыңыздан да менменсу, «менімен тайталасатын бұл кім?» дегендей айбат көрініп тұрды ғой, қарағым. Ал кейінірек жазылған комменттерді қарасақ, сіздің шын бет-бейнеңіз әлі алда екен. Оны жасыра алмапсыз, көрсетіп алыпсыз. Қасиет Құрманалиева деген қызға (қыз екені рас, жеке таныстығым бар): «дәл осы уақытта билігіңізді беріп жібергеніңіз қызық екен?» деген сөзіне: «намысыңызды нанға сатып жүргеніңіз анық болды» депсіз. «Мені дұрыс түсінбеген боларсыз» десе: «бұл жезөкшелігіңіз» депсіз. Қасиеттің: «Жезөкше? Сіз сутенерім болға ба едіңіз??? Арман мырза, сіз артық кетпеңіз» дегеніне: «Сутенеріңіз Абзал мен Иса» депсіз. Қайта қыз ұстамды екен: «Сіз негізі өте саяз Адам екенсіз!» деп қана қоя салыпты. Арман! Бай екеніңізден, медиамагнат екеніңізден бұрыннан хабардар едік. Арқа сүйенеріңіз мықты екенін соңғы іс-әрекеттеріңіз көрсетіп тұр. Бірақ сізге мұншалықты дөкір мінез көрсетуге кім құқық берді?! Сіздің де екі қызыңыз бар екен. Соларға «қатын», «жезөкше» деп сіз айтқан сөзді айтса, қандай күйде болар едіңіз. Өмір бойы бір салада ғана қызмет етіпсіз. Институт бітірмей тұрып, телеарнаның жастар редакциясын басқарыпсыз. Сонда үйренген өнегеңіз осы ғана ма?! Шынына келсек, жеті жылдан бері жағаласып келе жатқан, күн көріп отырған ісіңізді, қалайша өз еркіңізбен министрге байлап жібердіңіз. Қалайша сотталушы мен адвокаттан келісімді жаздырып алып, апта өтпей сізге конкурент Федерацияға да құқық қорғау органының бірінші басшысы сайланып алады? Бұл екі шешімде қандай параллель бар?! Сұрақ көп. Елге жаңа басшы келіп, тазару процесі басталып жатқанда, бұл қай тірліктеріңіз. Нұр Отан партиясында айтылған «перезагрузканы» мақұлдап үн қатқандарыңыз осы ма?! «Перезагрузка» сөзіне интернет жүйесінен түсініктер іздегенімізде, бұл сөз негізінен компьютерге қатысты айтылатынын байқадық. Оларда: «Перезагру́зка – процесс, при котором компьютер либо другое устройство полностью очищает, либо восстанавливает содержимое оперативной памяти и возобновляет свою работу заново» делінген. Сонымен бірге, космостық аппараттарда, «бағдарламаларды орындауға қойылатын шекті уақыт ішінде, оның орындалғанына белгі берілмесе, онда байланыстырушы аппараттың (компьютердің) зердесін зорлап тазарту қажеттігі туындайды. Бұл компьютердің өз жұмысын тоқтатып, белгісіздік жағдайына көшуіне, басқарушы сигналдарға жауап бермей, «өшіп» те қалмай, «тоқтап қалу» жағдайына (орысша «зависать») тура келеді екен. Компьютердің бағдарламасында оны «қайта іске қосу» депті. Бұл тұжырымдардан шығатын қорытынды – партияда әлдебір белгісіздік, «тоқтап қалу» үдерісі бар екенін мойындалған сияқты. «Жаңғырту» сөзі де жасап жатқан істерді «қайта қарастыру», «басқа қалыпқа көшу» дегенді мегзейді. Маған салса, өмір сүруге, табысқа жетуге қатысты: «перезагрузка» сөзін «сауықтыру» деп алса да боларлық. 7 қыркүйек күні, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан да «әлеуметтік саланы «перезагрузка» жасау қажет» деген сөзі айтылды. Алі бізде әлі – Сіз қатысқандай тұрғыда, баяғыша «перезагрузка» жүріп жатырған сияқты. Менің Сізге ұсынысым – көп кешіктірмей, Қасиет Құрманалиеваның тауып алып, басыңызды иіп кешірім сұрағаныңыз абзал. Бұдан былайғы кезде адамдар байлық пен билікті пайдаланып, ойына келген сөзді айта бермейтін ахуалға көшуіміздің бір жолы осы болсын.
Мырзагелді Кемел, Фейсбук парақшасынан