ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫН ҚОРҒАҒАН ИСЛАМ ӘБІШТІ ХАЛЫҚ ТА ҚОРҒАЙДЫ!
2019 ж. 11 қазан
3044
19
ЕРТЕҢ БІЗ ИСЛАМ ӘБІШТІҢ ОРНЫНДА ТҮРМЕДЕ БОЛМАУ ҮШІН БҮГІН БІЗ ОНЫ ҚОРҒАЙЫҚ!
ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫН - 1 триллион 300 миллиард теңгені (кемінде 1300 мектеп/аурухана құны) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛАРДАН ҚОРҒАҒАНЫ үшін СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҰЛТТЫҚ БЮРО 7 айдан бері қамап, 4 рет инфаркт алса да, тергеу бітіп кетсе де, үйқамаққа да шығармай отырған Ислам Әбішке Азаматтық қолдау жасау Сіздің қолыңызда!
Ол үшін осы сотқа келіп, БҮГІНГІ СОТТЫҢ ШЫН БЕЙНЕСІНЕ КУӘ БОЛЫҢЫЗДАР! Игі істерімен исі қазаққа белгілі Ислам Әбішті қолдап, "Қазақ үні" ұлттық порталында Қазақстан Президентіне жазылған Ашық хатқа әйгілі Ұлт зиялылары бастап, барлығы 200 мыңдай азамат қол қойды!
Енді осы қолдауымызды іспен көрсетер кез келді!
ЕРТЕҢ БІЗ ИСЛАМ ӘБІШТІҢ ОРНЫНДА ТҮРМЕДЕ БОЛМАУ ҮШІН БҮГІН БІЗ ОНЫ ҚОРҒАЙЫҚ!
2019 жылы 14 қазанда сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қ., Омаров к. 57 үй мекен-жайында орналасқан Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ИСЛАМ ӘБІШЕВ ісі бойынша АШЫҚ СОТ болады.
ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДА ӘРҚАЙСЫМЫЗ ӨЗ ҮНІМІЗДІ КӨРСЕТЕР КЕЗ КЕЛДІ! БҮГІН ҚИМЫЛДАМАСАҚ, ЕРТЕҢ КЕШ БОЛАДЫ!
Бүгін асүйде жайлы диваннан тұрғысы келмегендер, ертең түрмеде жайсыз нарда оянуы мүмкін екенін ұмытпаңыздар!
ИСЛАМ ӘБІШТІ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ