Төрт қытай бір қазақты ұрған
2019 ж. 10 қазан
10758
0
2019 жылғы 7 қазанда сағат 19.00-де Алматы облысының Ескелді ауданында, «Алматы-Өскемен» тас жолының 303 шақырымында орналасқан «Citic Construction» ЖШС базасының аумағында жүргізуші, 1998 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Қанат Жамбыл соққыға жығылған. ҚХР азаматтары 1982 ж.т. Лианг Чжэн, 1992 ж.т. Ченг Пенглин, 1995 ж.т. Чанг Хуй Қанатты жабылып ұрған. Бұны естіген бес қазақтың жігіті барып қытайларды ұрған.
Бұл туралы adyrna.kz хабарлайды.Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тартты деген баспасөз мәліметі әлеуметтік желіні шарлап кетті. Онда Алматы облысы әкімінің орынбасары шұғыл түрде оқиға орнына барды. Әкімнің орынбасары мен бірінші ауысымдық лагерь басшысы Ван Пенг және учаске жұмысшыларымен кездесу өткізді делінген.
Кездесу барысында жұмысшылар - Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек жағдайларына қатысты бірқатар шағымдарын айтты, мысалы:
- жұмыс күнінің ұзақтығы (түскі үзіліспен 12 сағаттық жұмыс күні);
- төмен калориялы тамақтану (түскі асқа олар екінші тағамды береді, ал түнгі ауысым жұмысшыларына тамақ берілмейді);
- жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақыларындағы айырмашылық;
- санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жатақханалардағы тұрғын үй жағдайлары.
Шетелдік жұмысшылар санының квота шегінен асып кету фактісі де бар.
Жұмыс берушілердің мәліметінше, қазіргі уақытта 138 адам жұмыс істейді, олардың 94-і - Қазақстан Республикасының азаматтары, 44-і - Қытай азаматтары. Алайда, ауысымдық лагерь негізінде жүргізілген рейд кезінде облыстық филиалдың қызметкерлері 66 жұмыскерді - ҚХР азаматтары деп анықтады, олардың қазіргі уақытта төлқұжат деректері тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар, жұмысшылардың айтуынша, 7 қазандағы оқиғадан бұрын жұмысшылар арасында екі бірдей жанжал болған. Оған жұмыс берушілер назар аудармаған. Жұмысшылар лагерьдің басшылығы жүк көлігі жүргізушілерінен жұмысты тездетуді талап етеді екен. (жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкелетін инертті материалдарды тасымалдау кезінде жылдамдықты арттыру).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ Қытайға қарсы пікірлерді болдырмау үшін бірінші ауысымдық лагерьдің басшысын - Қытай Халық Республикасының азаматы Ван Панды ауыстыру, сондай-ақ осы компанияның барлық қызметкерлері үшін тең және тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады.
Осыған орай, бүгін «Citic Construction» ЖШС директорының қатысуымен жоғарыдағы мәселелерді талқылап, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау үшін жиналыс өткізіледі. Мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында.
Әзірге ресми мәлімдеме жасалмады. Ішкі Істер министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінен осы оқиға туралы ресми мәлімдеме күтіп отырмыз.