Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
2019 ж. 06 қазан
1704
0
![](https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2019/10/2019100413262712.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Еліміздегі барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары - мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз» деді ҚР Президенті.