Ислам Әбішев ісі - Президент Жолдауында сыналғандай, Ұлттық Бюроның заңсыз арандатушылықтары жалғасуда!
2019 ж. 04 қазан
4830
28
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында қатты сыналып, арнайы Жарлыққа енгізілген Ұлттық Бюроның заңсыз тергеп-тексерулері мен арандатушылықтары жалғасуда!
Су ресурстары комитетінің экс төрағасы Ислам Әбішевтің ісі алты ай бойы дәлел-дәйек табылмаса да, ақыры сотқа жіберілді. Сот алдындағы алдын ала алғашқы тыңдауда–ақ Ислам Әбішевтің қорғаушысы, белгілі адвокат Абзал Құспан нақты дәлелдер келтіріп, сотқа 8 өтініш жасады. Біз бүгін осы Ислам Әбішев ісіне қоғамның ерекше назар аударып отырғанын ескеріп, сол өтініштердің бір-екеуін жариялап отырмыз.
Президент Жолдауында көрсетілген және Жолдауды жүзеге асыру мақсатында орындау шаралары бекітілген бұл пункттер біздің қарағалы отырған ісімізге дәл келетініне назар аударуыңызды сұраймын!
Оған дәлел осыған дейін жариялаған өтініштерімдегі көптеген нақты фактілер, оларды қайталап жазбай ақ қояйын.
Ең сорақысы арандату әрекеттерінің әлі тиылмай отырғаны. Дәл қазір Ислам Абишевтың туыстары қыздары, Абишева Гульмира, Абишева Мадина, туған інілері Абишев Нуралы, Абишев Ералхан, Абишев Қаныбектердің үстерінен пара беруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер тіркеліп, қылмыстық іс Бас прокуратураға түскен кезде, жоғарыда аттары аталған туыстарының үйлерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Бұның арандатушылық екенінің қарапайым дәлелі – Нұр Сұлтан қалалық тергеу сотынан үйлерді тінтуге санкцияны 03.07.2019 жылы алады, істің өзі оған дейін бірнеше ай бұрын тіркелген, ал тінту әрекеттері іс дәл Бас Прокуратураға түскен кезде жүргізіледі.
Енді осы кезге дейін сол тінту мен барлығын Ұлттық бюроға бір реттен шақыртып, үркітіп-қорқытқаннан басқа осы кезге дейін бірде-бір тергеу әрекеті жүргізілген жоқ.
Осылайша Президент жолдауында айтылып, арнайы Жарлыққа енгізілген заңсыз тергеп-тексеру әрекеттері Ұлттық Бюро тарапынан әлі жалғасуда!
Бас Прокуратураға жазған бірнеше беттік өтінішіме, жарты бетке де жетпейтін жауап алдық. Сол себепті Сізден менің тарапымнан жарияланған өтініштерге формальды қарамай, жан-жақты, объективті баға беруіңізді сұраймын!
Қорғаушы А.Т.Құспан
qazaquni.kz
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
ауданаралық мамандандырылған
қылмыстық істер сотының
судьясы Қ.М.Мекемтасқа
қорғаушы А.Т.Құспаннан
ҚР ҚК- 24 б, 3 б, 366 б, 4 б-мен
күдікті деп танылған
И.А.Абишевтың мүддесінде
тел: 87751270895
Ө Т І Н І Ш №6
Ұлттық бюроның арандатушылық іс-әрекеттері туралы
Құрметті сот! Сізге Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығынан мына пункттерге назар аударуыңызды сұраймын; Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етілген: 20 тармақ;«Азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдіктерді арттыру, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жарыспалылығын, кінәсіздік презумпциясы қағидатының мүлтіксіз сақталуын, оның ішінде мыналар арқылы: 1) құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартқаны, көрінеу заңсыз ұстағаны, қамауға алғаны немесе қамақта ұстағаны, жауап беруге мәжбүрлегені, жалған дәлелдемелер және жедел-іздестіру материалдарын жасағаны, коммерциялық сатып алу не парақорлыққа арандатқаны, сондай-ақ жалпы қылмысқа итермелегені үшін, көрінеу жалған сөз жеткізгені, адвокаттардың қызметіне және адам мен азаматтық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өзге де адамдардың заңды қызметіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетуге кедергі жасағаны үшін жауаптылықты күшейту; 2) куәгер айғақтарының, сондай-ақ жол берілетін және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен бекітілмеген және расталмаған өзге мәліметтер ғана негізінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға және соттауға тыйым салуды белгілеу; 3) қылмыстық процесте қорғаушы тараптың дәлелдемелері мен шағымдарын жан-жақты және объективті қарауды қудалау органдарының лауазымды адамдары тарапынан осындай дәлелдемелер мен шағымдар бойынша сапасыз қарау немесе әрекетсіздігі фактілеріне қатаң ден қою шараларын қабылдай отырып қамтамасыз ету»! | |
21 тармақ; «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел іздестіру және тергеу практикасында заңсыз жұмыс әдістерін және арандатушылық іс-әрекеттерді қолдану фактілеріне жол бермеуіне, осындай фактілер бойынша жауаптылық пен жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын сақтауын қамтамасыз етумен қадағалауды және бақылауды күшейту». |