Рустамбек Абдурасулов: ӘР ҰЛТТЫ БІРІКТІРУ орнына БӨЛЕТІН АССАМБЛЕЯНЫҢ не қажеті бар?

    Мәжіліске өткен депутаттарымыз енді өздерін іспен көрсетсін. Олар парламентте нұротандықтар секілді үндері шықпай отырса, біз қяламыз онда. Кезіндегі айталы ағамыздай батыл ұсыныстарымен елдің қамын ойласын. Сонымен бірге айтайын дегенім, жаңа Алматы облысынан 3 депутат шықты деп мақтанып жатыр ғой, бір кісілер. Оңтүстік Қазақстан секілді ақжолдықтардың ең көп мүшесі бар облыстан бір депутат шықпай қалғаны өкінішті, әрине. Менің ойымша, өзім өзбек ұлтының өкілі болғандықтан да айтарым, әр ұлтты бір ұлт қылып біріктіре алмай жүргенде, оның  орнына «сен өзбексің, сен ұйғырсың, сен кәріссің»-деп  бөлетін Халық Ассамблеясының не қажеті бар? Бұл ұлты, нәсілі бойынша бөлу біздің Конституциямызға да қайшы емес пе?