Рустамбек Абдурасулов: ӘР ҰЛТТЫ БІРІКТІРУ орнына БӨЛЕТІН АССАМБЛЕЯНЫҢ не қажеті бар?

3
877


    Мәжіліске өткен депутаттарымыз енді өздерін іспен көрсетсін. Олар парламентте нұротандықтар секілді үндері шықпай отырса, біз қяламыз онда. Кезіндегі айталы ағамыздай батыл ұсыныстарымен елдің қамын ойласын. Сонымен бірге айтайын дегенім, жаңа Алматы облысынан 3 депутат шықты деп мақтанып жатыр ғой, бір кісілер. Оңтүстік Қазақстан секілді ақжолдықтардың ең көп мүшесі бар облыстан бір депутат шықпай қалғаны өкінішті, әрине. Менің ойымша, өзім өзбек ұлтының өкілі болғандықтан да айтарым, әр ұлтты бір ұлт қылып біріктіре алмай жүргенде, оның  орнына «сен өзбексің, сен ұйғырсың, сен кәріссің»-деп  бөлетін Халық Ассамблеясының не қажеті бар? Бұл ұлты, нәсілі бойынша бөлу біздің Конституциямызға да қайшы емес пе?

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Жалпы ассамблея қазақ елінің тәлтіректеп тұрған кезінде құрылған. Дәл сол кезде басқа ұлттар жиылып қазақ мемлекетін тоз-тоз етуіне мүмкіндік мол еді. Қазір сәл-пәл аяққа нық баса бастадық. Енді ассамблеяның жұмысы билікті қазақтарға толық өткізіп, қазақтың діл мен тілін заңды айналымға енгізіп барып тарқауы керек. Бұдан кейін басқаша бағытта болса ассамблеяның керекгі жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз