Қыс маусымына дайын емеспіз
2019 ж. 28 қыркүйек
2013
0
Жылыту маусымына әлі дайын емеспіз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, елімізде мазут пен көмір тапшы. Ал республикалық маңызы бар ірі қалаларда жұрттың коммуналдық қызмет үшін берешегі артып кеткен.
Алдағы жылу маусымына дайындық кезеңінде бірқатар өңірлерде мазут, көмір сияқты отындар жетіспейді. Мысалы, Ақтөбе облысында небәрі 16 жарым пайызға ғана дайын. Елордада 24, Алматыда 34 пайызды құрайды. Еліміздің бірқатар аймақтарында көмір де тапшы. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 10 миллион тоннадан астам көмір керек. Қыркүйектің соңына тақаса да, қазір соның тек 6 миллион тоннасы дайын. Яғни, 60 пайызға да жетпейді. Ал ірі қалалар мен кей өңірлердің коммуналдық қызметтерге миллиардтаған берешегі сол күйі өндірілмеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәлімдемесі бойынша коммуналдық қызметті тұтынушылар берешегі 11,4 миллиард теңгеден асқан. Ең көп дебюторлық берешек Алматы қаласында – 2,6, Нұр-Сұлтанда – 1,7, Маңғыстауда – 1,5, Шымкент қаласында – 1,3, теңгеге жеткен. 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында тұрғындар қарызы 533 миллион теңгеге өскен.
qazaquni.kz