Әділ НЕСІПБАЕВ: Бүгінгі талап бұрынғыдан өзгеше
2019 ж. 28 қыркүйек
2541
0
Алматы қаласында ТМД елдерінде табысты еңбек етіп жүрген ИНКОМ компанисының 50 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Отырысты жүргізіп отырған Новосибир ғылыми-өндірістік кәсіпорны директоры Владимир Изатовтан бастап Санкт-Петербург, Минск және өзге де қалалардан келген қонақтар қатысты. Біздің елімізден құрылыс-сәулет саласы мен көптеген кәсіпорындар өкілдері шетелдік әріптестерімен алдағы жұмыс жоспарлары туралы пікір алмасты. Айтулы шараның басы-қасында жүрген, кезінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі болған, құрылыс, энергетика және қала шаруашылығының білікті маманы, бүгіндер Новосибирдегі Мемлекеттік жүйе және технология университетінің тыңдаушысы, БИМ технологиясы бойынша ғылыми диссертация қорғауға дайындалып жүрген Әділ Сағымбекұлы Несіпбаевтың аталмыш тақырып бойынша әңгімесін оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз.
Қазіргі техника мен технология шұғыл дамыған заманда қандай да болсын саланың жұмыстарын жаңа талаптарға сай ұйымдастырмағандар ұтылады. Сондықтан ғылыми негізделген белгілі бір жүйені қалыптастыру аса қажет. Сондай заманауи ірі кәсіпорындардың бірі, бергісі бүкіл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне өте жақсы танымал, шетелдерге де белгілі – Инком компаниясы.
Алғашқы қадамын жасағанына биыл елу жыл толып отырған Инком кәсіпорны құрылыстағы сметалық құжаттар және соған жұмсалатын ресурстық шығындарды автоматтандыру осы бағыттағы жаңа бағдарламаларды кезең кезеңімен жасап, өндірісте іске асырып келеді. Кезең-кезеңімен дейтін себебіміз, компания құрылған алғашқы жылдарда біздегі қоғамдық экономикалық жүйе социалистік негізде болғаны белгілі. Ол кездер бізде ғана емес бүкіл әлем бойынша техника мен технология дәп бүгінгідей жоғары деңгейде дамымаған блатын. Дүниежүзілік даму үрдісіне байланысты өндірісті де өзгеше ұымдастыру қажеттілігі туындады. Соңғы жиырма жылда әлем адам танымастай өзгерді. Жаһандану жер жүзінде жылдам қарқын алды. Оған ілесудің өзі қиынға соққанын күнделікті көріп жүрміз. «АВС-4» деп аты айтып тұрғандай бір ғана осы бадарламаның өзі төртінші кезеңді басынан өткеріп отыр деуге болады.
Сметалық жобалауды және құрылыс шығындарын есептеуді автоматтандырудың бұл үлкен ұжымы төртірі кәсіпорындардан тұрады. Соңғы қолға алынған «Сметалық жобаларды автоматтандыру-4» бағдарламасы бүгінгі күні жобалау, мердігерлік ұйымдардың қатыстырылуымен іске асуда. Өйткені жобаның өндірісте қалай іске асырылуына баса назар аударылып отыр. Бұл жай ғана бағдарлама емес, сметалық, құрылыстағы ресурстық шығындарды анықтап ғылыми негізде белгілеу сияқты маңызды қажеттілікті тұтастай қалыптастыратын күрделі жүйе. Бағдарламаға Ресей мемлекеттік стандарттық сертификаты берілген.
Инкомның ТМД деңгейінде бұл өткізіліп отырған мерейтойлық шарасына қатысушыларына қарап-ақ оның қызмет ауқымын аңғаруға болады. Әсіресе компания Ресей федерациясы мен Беларусияда және біздің елімізде белсенді жұмыс істеп келеді. Еліміз бойнша бұл саланың тарихына көз жүгіртсек шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру алғаш рет құрылыс саласына 1983 жылы 12 қаңтарда сол кездегі ҚСРО қаржы министрлігінің «Құрылыста өндіріске жұмсалған шығындарды экономикалық элементтері бойынша есептеу нысаны туралы» хаттамасында енгізілген болатын. Содан бері, 36 жыл ішінде тек қана біздің елімізде осы бағытта қаншама ілгерілеу мен жетістіктерге жеткеніміз жұртшылыққа мәлім. Инком қызметі бүгінгі күні еліміздегі аймақтарда кеңінен қолданылуа.
Компания қызметі әртарапты. Мысалы, «Аккорд» бағдарламасы өндірістің жұмыс жоспары мен жобаларын жасауға бағытталған. Ол құрылысты жүргізудің классикалық үлгісіндегі басқару ұстанымдарын қолданса, «ПИР» жобалау-зерттеу жұмыстарының ғылыми негізделген құжаттарын дайындайды. Сол сияқты құрылысқа қажетті өзге де бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.
Бәрімізге мәлім болып отырғандай, қазіргі заман талабы бұрынғыдан мүлдем өзгеше, тіпті қатал деуге болады. Техникалық білімімізді жоғарылатпай алға басамыз дегеніміз – өзімізді алдарқатып жұбату ғана. Батыл қадам жасау үшін бұрынғы білімді мамандарды қайта дайындау қажеттілігі де бар. Бүгінгі маман қазіргі техникалық дамудың көшіне ілесе алатындай болуы қажет. Мемлекетімізде қабылданған заңнамалардың талабы бойынша қандай да бір өндірісті болсын цифрлық автоматтандыру, оның ішінде ғимарат, қондырғылар, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық нысандар салу мен оған жұмсалатын шығындарын анықтау барысында оны іске асыруымыз керек. Қазіргі дамыған мемлекеттер жүзеге аырып жатқан БИМ технологиясын пайдалану мамандардың жоғары біліктілігін қажет етеді. Сондықтан қаншама шығындарды қажет етсе де мамандарымызды оқыту, әсіресе жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру заман талабынан туған қажеттілік екенін көріп отырмыз. Жаңа тәсілдер мен шешімдерді игермей ісіміз алға баспайтынына көз жеткізіп отырмыз. Мінекей, бүгінгі өткізіп отырған конференция тек қана мерейтой емес, оның біздің мамандарға тигізер пайдасы да мол. Бізге алыс-жақын шетелдердегі білікті мамандардан үйреніп, үлгі алғанымыз абзал, оның ешқандай ұяттығы жоқ. Білмегенін сұрап алған адам ғана бірдеңені үйренеді.
Бұл жағынан Инком компаниясы мамандары да тартынып тұрған жоқ. Олардың жұмыс жоспарына назар аударсаңыз бір ғана Алматы қаласының өзінде осы бағыттағы қызметке қызығушылық білдіретіндер үшін айына 4-5 рет семинарлық, теориялық және тәжірибелік шаралар ұйымдастырып келе жатқанын байқаймыз. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді. Осы шараларға қатысу арқылы біздің мамандарымыз біліктілігін арттырып,жаңа әдістерді үйреніп, тәжірибе жинақтай алады. Атап өтейік, қызығушылар саны жылдан жылға артып келелді. Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Құрылыс саласында білікті мамандарымыз болса, бүгінгі күні үлкен мәселеге айналған тұрғындарымызды баспанамен қамту да жылдамдай түсері анық. Сол сияқты халықты жұмыспен қамтитын өндірістік ғимараттарды көбейтуге мүмкіндіктер пайда болады. Сондықтан жаңалыққа жатсына қарамай оны тезірек игеруге бәріміз күш салуымыз керек.
Бек МЫРЗАҰЛЫ
qazaquni.kz