АЛАШ КЕҢЕСІ құрылған Зерендіде «АҚ ЖОЛ» алдағы міндеттерді айқындап алды

4
1130


 Алаш кеңесіне зиялылармен бірге алғашқылардың қатарында

экс-вице-министр Арман Евниев кірді

Парламент Мәжілісі сайлауынан соң «Ақ жол» партиясы белсенділері мен депутаттарының  басын қосып, Ақмола облысындағы Зерендіде республикалық кеңес өткізді. Онда кешегі Мәжіліс сайлауы қорытындысы талқыланып,  алдағы міндеттер айқындалды.

«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жүргізген 150-ден астам ақжолдықтар бас қосқан келелі кеңестегі ең басты мәселе – кешегі Мәжіліс сайлауының қорытындысы болды. Бұл туралы сөзді алғаш  «Ақ жолдың» Ақылдастар алқасы төрағасы Амангелді Айталы алды. Амангелді Айталы Мәжіліс сайлауында Алаш атымен ұрандап, жеңіске жеткен партия мандатына Алаш рухты зиялылардан бір адамның да ілінбеуі қоғамда қатты талқыланып жатқанын, елдің ішінде де наразылар көп екенін жеткізді. Әлем елдеріндегі партиялар тарихына тоқталған Амангелді Әбдірахманұлы  тек кәсіпкерлер қаржысына тәуелді болып, соларды ғана депутаттыққа өткізетін партияның болашағы бұлыңғыр болатынын, оны саяси коррупция деп атайтынын мысалға келтірді. Жекелеген кәсіпкерлерге тәуелді болмау үшін шетелдерде пайдаланылып жүрген «Көп кәсіпкер – аз ақша» жүйесін ұсынды. Мысалы Германиядағы белгілі ХДС, СДС партиялары бюджетінің 25 пайызға жуығы мүшелік жарналардан құралады. Амангелді Айталы сонымен қатар Алаш рухын жандандырып, дамыту үшін қаламгерлер және зиялылармен ақылдаса келе Алаш кеңесін құруды айтып, оған басшылыққа ақын, Алаш сыйлығының лауреаты, «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Исаны ұсынды.

Одан кейін сөзге шыққан белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы да өз сөзінде әріптесі Амангелді Айталыны толық қолдайтынын, партияның болашағы үшіін мұндай өзара сынға құрылған жиындардың  әсері көп болатынын айтып өтті. Сонымен бірге «Ақ жолдан» өткен Мәжіліс депутаттары  қатарында ұлт зиялыларының болмауына қатты алаңдайтынын жеткізді. «Абызымыз Айталы, ақынымыз, «Жас қазақ үні» газетімен жалындаған қайраткер Қазыбек Иса, партия төрағасының орынбасары, саясаткер Бөріхандар нег жоқ?»-деген ол Алаш кеңесінің болашағынан үлкен үміт күтетінін білдірді.

Содан соң сөйлеген «Ақ жолдың» Президиум мүшесі Қазыбек Иса бұл туралы ойларын осы аптадағы «Жас қазақ үні» газетінде айтып өткендіктен, қысқа сөйлейтінін, жалпы жоғарыда сөйлеген Амангелді Айталы мен Серік Тұрғынбекұлының сөздеріне толық қосылатынын мәлімдеді. «Парламент» деген сөз француз тілінде «сөз сайыс» дегенді білдіреді. «Ақша сайыс, ақша санау» деген сөз емес ол. Сондықтан ең алдымен біз қаржы тәуелсіздігімен қоса, партияның саяси тәуелсіздігін, демократиялық жүйеде өздері шешім қабылдау керектігін ойлануымыз керек. Сенім хат арқылы Орталық кеңес шешімін шығаруды тоқтату керек.  Партияның ең жоғары органы – президиум жұмыс істеген жоқ»-деді ол. «Ақ жол» партиясы Алаш атын көтергендіктен, енді оны дамыту мақсатында «Алаш» кеңесі құрылғанын, енді бүкіл Алаш мүддесінен туындайтын мәселелердің бәріне осы Алаш кеңесі ұйтқы болуы тиіс екенін айтты. Сонымен бірге Қазыбек Иса: «Алаш кеңесін Амангелді ағамыздың өзі басқара бергені дұрыс деп ойлаймын. Жұмысын біз бірге істей береміз ғой»- деп өзін төрағалыққа  ұсынған Амангелді Айталы ағасына рахмет айтты.

Алаш кеңесіне  Исраил Сапарбай, Ибрагим Иса, Серік  Тұрғынбекұлы, Сабыр Қасымов секілді зиялылармен бірге алғашқылардың қатарында Ауылшаруашылығы экс-вице-министрі  Арман Евниев те кірді.

 

Жиында сонымен қатар «Ақ жол» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Ізімғали Көбенов, Қазақ технология және бизнес университеті президент-ректоры Сейтқасым Байбеков, партия мүшесі Асхат Асылбеков, партия ардагері Сәдуақас Аңсатов, Қазақстан Құрылысшылар қауымдастығы төрағасы Талғат Ерғалиев, «Ақ жол» партиясы төрағасының Түркістан қаласындағы саяси кеңесшісі Мұса Пәттев, Шымкенттегі «Изюми» фирмасының басшысы, облыс мәслихатына кандидат болған  Өмірәлі Ералиев, «Ақ жол» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы Өмірбек Сәтмұхамедов,  «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ  Бас директорының аппарат басшысы, белгілі кәсіпкер Алтай Әбдіғали, «Ақ жол» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азат……… т.б. сөз сөйлеп, аталмыш мәселелерді талқылады.

«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы Талғат Әбдіжаппаров партияға еңбегі сіңген әркімнің де орталық кеңес мүшесі бола алуы керектігін, мысалы Балқаштағы әріптесіміз Қуаттың………  мың жарым адамды партия мүшелігіне тарта білгені туралы айтып өтті. «Ақ жол» партиясы идеологиялық бөлімі директоры, Мәдениет қайраткері  Сәбит Байдалы партия бағдарламасындағы «мемлекет ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс» деген басты ұстанымынан айнымауы керектігін білдірді. Партияның идеологиялық үгіт-насихат және ақпараттық талдау жұмыстарын жандандыра беру керектігін айтты. «Ақ жол» партиясы төрағасының Семей қаласындағы саяси кеңесшісі Орынбек Сәрсенбин зиялы қауым деп ең алдымен ұлт мүддесі ұшін жұмыс істейтін кез-келген қатардағы адамды айтуға болады деді. Ал Президуум мүшелері ең алдымен ықпалды, белелді адам болуы керек. Ал депутаттарымыз халық пен партия алдында есеп беріп отыруы тиіс. «Ақ жол» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Марат Берқалиев партия бірауызды болып, ынтымақты жұмыс істеу керектігін, идеологиялық қару – газетке басты назар аудару керектігін мәлімдеді. «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов айтылған пікірталастарға байланысты жауап беріп, партияның алдында тұрған, таяуда  істелуі тиіс шараларын нақтылады.

Қорытынды сөз сөйлеген «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жиында айтылған пікірлердің барлығы партияның алдағы жұмысында назарға алынатынын, «депутаттық мандат ешкімнің жекеменшігі емес, партияныкі екенін, сондықтан алдағы бір жылдың ішінде  ротациялар болатынын» мәлімдеді. Сонымен қатар  Алаш кеңесі құрылғанын қолдайтынын айтты.  Мәжілісте  «Ақ жол» партиясы депутаттық фракциясы құрылғанын айтып өтті. Жалпы, бұндай өзара сынға құрылған демократиялық рухтағы жиындардың партия болашағына пайдасы мол болатынын баяндады.

Партия мүшелерінің «депутат болған 7 адамды біз танымайды екенбіз, ортаға шығарып таныстырсаңыз» деген ұсынысы бойынша Азат Перуашев Мәжілістегі әріптестерінің барлығына жекелей тоқталып, таныстырып шықты.

Сонымен бірге «Ақ жол» партиясының сөзден іске көшкенінің көрінісі ретінде алдағы аптадан бастап жұмыс істей бастайтын Мемлекеттік тілді үйрететін жексенбілік мектептердің ашылатынын хабарлады.

Жиында сонымен бірге «Ақ жол» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Ізімғали Көбенов пен қоғам қайраткері Сабыр Қасымов  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен марапатталды. Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сайлауда белсенділік танытқан партия мүшелеріне партияның Алғыс хатын тапсырды. Алғашқы болып Алғыс хат алған партияның қиын-қыстау кезеңіндегі  демеушісі болған кәсіпкер Андрей Линник: «Футболда жеңіске жекелеген футболшы жетпейді, команда жетеді. Сондықтан сайлауда жеңіске жеткен 8 адам емес, тұтас партия болғандықтан, тұтас команда болып жұмыс істейік»  деп қазақы сөз айтты.

Осы жиында  былтыр жарияланған Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы «Ел аманаты» (Народная платформа) жалпыұлттық пікірсайысының қорытындысын жариялады. Үздік шыққан еңбектер «Жас қазақ үні» газетінде жарияланып, өз алдына топтама жинаққа кіретін болды.

 

Жалпы,  жоғары демократиялық рухта, өзара өткір пікірталас аясында өткен Зеренді кеңесі «Ақ жол» партиясының атына сай демократиялық деңгейін көрсетіп берді. «Шерімізді шығардық, енді терімізді шығарып, бірлікте еңбек етейік»-деп, Қазыбек Иса айтқандай, ақжолдықтар алдағы бағыттарын айқындап алды.

«Ақ жолдың» Ақсақалдар алқасы төрағасы Амангелді Айталы ағамыз жиын соңында: «Бұл жиын ашық пікірталас арқылы партия тұтастығын сақтап қалу мақсатында өтті. Бұл бірлік партияға да, оның лидеріне де керек. Қаншама құнды ұсыныстар айтылды. Әрине, қаржысыз ештеңе шешілмейді. Бір саясаткер бар, саяси салмағы зор, бірақ ақшасы жоқ. Бір саясаткер бар, салмағы болмаса да, ақшасы көп. Солардың арасында баланс болмады-ау деген өкініш болды. Америка Президенті Джонн Кеннеди президент болып сайланғанда, әкесі: «Бұндай ақшамен мен жүргізушімді де Америка президенті жасаймын ғой»-деген екен. Ендігі айтарым, «Ақ жол» ақиқаттың Ақ жолынан аттамайтын партия болсын, бірлігінің арқасында жеңіске жете берсін»-деп тілеймін»-деп, «Ақ жолдың» алқалы кеңесінің ақ батасын жасады.

                                                                                                                                                                   
                    С.ӘЛІ

4 ПІКІРЛЕР

  1. Жамбыл, мен ештеңе асырып жіберіп отырған жоқпын, өз пікірімді айтып отырмын. Ал сынның көкесін ЖСДП айтады, осы сайт жазады, басқа да басылымдар береді. Нәтиже қайда? Ал оппозициясымақ „Ақжолдың„ айтқаны ол рұқсат етілген сын, айтқыш болса сол пікірлерді депутаттық мінберден айтып көрсінші. Көрейік қаншалықты „ұлтжанды„ партия екенін……

  2. доғалан, СОКП мен Нүротанда Айталы, Қазыбек, Серік тұрғынбекұлы,Бөріхандар айтқандай өткір сын ешуақытта болған емес.асырып жібермеу керекғ ашығын айту керек,

  3. Сол жиында болған уәделердің орындалатынына күмәндімін. Жиналыстан берілген ақпаратқа қарағанда СОКП мен нуратаннын жиналыстарындай өткен сияқты ғой. Уәде көп, нақты іс жоқ…..

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз