Елордада Қарттар күніне орай бір реттік төлем беріледі
2019 ж. 18 қыркүйек
2845
0
1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі тойланады. Аталмыш күнге орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға әкімдік бір реттік ақшалай төлем береді. Биылғы жылы бұл сомма 6313 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын. Басқарма қызмет ету туралы келісім-шартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олардың қатарында: Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank және Қазпошта бар. Басқа банкте шоттарыңыз болса, аталған банктердің бірінен шот ашу керек, одан кейін Басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достык к-сі, 13, Нұрсая 2 ТК мекен-жайы бойынша әкелулеріңізді сұрайды. Анықтама телефондары: «Алматы» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22; «Есіл» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34; «Сарыарқа», «Байқоңыр» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.