Ректор да пара береді екен

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры істі болып жатыр. Азамат Едірісов Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ғылым қоры» акционерлің қоғамының басшысына 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді. 53 жастағы Азамат Едірісов­тің аталмыш қызметке тағайын­далғанына 7 ай ғана болды. Оның алдында Білім минситрлігінде, кейін Назарбаев университетінде лауазымды қызмет атқарған. Қазір ол денсаулығына байланысты уақытша жұмысында жоқ. Тергеу мәліметінше, ректор министрлік жанындағы «Ғылым қоры» ком­пания­сының бұрынғы басшысы Әнуар­бек Сұлтанғазинге пара берген. Сұлтанғазин Едірісовтен 5 мың долларды ғылыми жобаларды қаржыландыруға қолдау көр­сету үшін алды деп айыпталып отыр. Ия, бізде пара беріп, пара алу күн­делікті көрініске айнал­ғалы қашан. Соған қарағанда жем­қор­лыққа қарсы күресетін ресми ор­гандардың қызметкерлері олар­ды ұстауға үлгермей жатқанға ұқсайды. qazaquni.kz