Орталық Азияда алғашқы «гамма-нож» кешені іске қосылады
2019 ж. 09 қыркүйек
1762
0
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Атап айтқанда, Серік Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықта микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сияқты жаңа бағыттардың пайда болғаны туралы айтты.
Сонымен қатар ол мекеме базасында аса күрделі нейрохирургиялық оталар жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азияда алғашқы «гамма-нож» кешенінің іске қосылатыны жөнінде хабарлады.
Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірін қамтуға тиіс жоғары білікті әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтті.