Байқоңырдағы ғарыш кешені Назарбаевтың есімімен аталады
2019 ж. 09 қыркүйек
2341
0
Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан "Союз-6" және "Союз-5" орта және жартылай ауыр класстағы зымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталады.
Ақпарат Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысынан кейін мәлім болды, - деп хабарлады tengrinews.kz.
"Старт кешені "Назарбаев бастауы (немесе старты)" деп аталады", - делінген Роскосмостың хабарламасында.
Сенбі, 7 қыркүйекте Путин Мәскеуде болған Қазақстанның экс-президентімен кездесу барысында Ресей мен Қазақстан бірлесіп Байқоңырда салып жатқан "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған. Ұсыныс Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин және цифрлық даму, инновация министрлері мен Қазақстанның аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиевтің көзінше айтылды.
Байқоңырда "Союз-5" зымыран-тасығыштарының ұшу сынақтарының басталуы 2023 жылға жоспарланған, қажетті жерүсті инфрақұрылымы да 2023 жылға дайын болуы тиіс. Ал "Союз-6" зымыранын сынау 2025 жылға жоспарланған.