Елордада жеке тұрғын үй салу үшін жер неліктен берілмейтіні белгілі болды
2019 ж. 22 тамыз
2137
0
Бас қалада жеке тұрғын салу мақсатында жер учаскелерін неліктен берілмейтіндігіне қатысты қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілі түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған мекемеге сілтеме жасап.
«Жеке үй салуға жер учаскелерінің берілмеу себептерінің бірі – дайын алаңдардың болмауы. Себебі жер учаскесін беру үшін инженерлік желілер өткізілген аймақ болу керек. 2007 жылдан бастап мұндай аумақтар болмағандықтан, жеке үй салу мақсатында жер учаскелері берілмейді және жақын арада жоспарланып отырған жоқ», - деді Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анзор Абаев.
Басқарма таратқан ақпаратқа сүйенсек, заңнама нормаларына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін алаңдар болмаған жағдайда, ол азаматтардың өтініштері келіп түскен кезек тәртібіне сай арнайы есепке алынады.
Айта кетейік, бүгінгі күні жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу кезегінде 123 мыңнан астам адам тұр.