Назарбаев: Шенеуніктер редакторларға қысым жасамауы керек
2019 ж. 21 тамыз
3403
3
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ редакторларына қысым көрсететін шенеуніктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бүгінгі таңда медиада ақпаратты әсірелеп жіберетін жаңа каналдар саны артып келеді. Партияның медиа тобы, телевизиялық каналдары газеттері бар. Үндемей ғана отыр. Біздің орталық ақпарат тарататын каналдарымыз да үндемей отырып алды. «Ой, қорқамыз». Бұрын мен керісінше «Сен маған ақша төле, әйтпесе сен туралы мақала жазамын» дейтіндерді жазалайтын едім. Ал қазір керісінше «Мұны жасайтын болсаң, біреу арқылы қызметіңнен айырамын» деп қорқытады. Біз мұны білеміз, мен осыны жаңа тапсырдым. Егер осындай жағдай тағы кездесетін болса, біз қызметінен босатамыз. Ол кім болса да», - деді Нұрсұлтан Назарбаев партияның кеңейтілген отырысы кезінде.
Әрі қарай ол кез келген мәселенің республикалық масштабта талқыға салынып жатқанына тоқталды. Осы орайда интернеттің де көп көмегі болып отырғанын айты.
«Бірақ ешкім жауап беріп жатқан жоқ,. Партия жала жапқаны үшін берілетін жазаны қатаңдатуы тиіс. Ешкім бізде болып жатқан жұмыстарды жөнсіз жамандауға рұқсат бермеді. Дәстүрлі БАҚ жол береді. Дәурен Абаев бұл туралы ойланып, қандай да бір шаралар қолдануы тиіс. Телефон құқығы жұмыс істемеуі тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым жасамауы керек. Сынды әртүрлі жолмен шектейді. Қоғам санасында альтернативті шындық орын алып отыр», - деді Елбасы.