Қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей, қазақтың жағдайы жақсармайды - Айгүл Орынбек
2019 ж. 19 тамыз
4292
0
Отыз жыл бойы бүкіл билік орыс тілінде сөйлеп, ақпарат таратып келді. Мемлекеттің жағдайы жақсарып, халықтың көзі ашылып кеткенін көргенім жоқ.
Тіпті заңның өзі орыс тілінде жазылып, таратылады. Бұл ең бірінші ұлттың құқығын таптау! Қазақ тілінде сөйле десең, "нацист" деп жағадан алады.
Ауылдағы қара халық пен биліктің тілі екі тілде болған соң, мемлекетте жемқорлық жайлап әділдік жоқ. Халық пен биліктің арасында байланыс жоқ! Тіліне құрмет көрсетілмеген ел дамымайды, құлдырайды тіпті жоқ болып кетуі әбден мүмкін.
Әрбір ұлтты тіліне қарай танисың, ал біздің тіл дәл қәзір айыр тіл! Өз елімде, өз жерімде ешкімге жалтақтамай, өзге ұлттардың алдында қорланбай өз тілімде сөйлегім келеді.
Қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей, қазақ қоғамның жағдайы жақсармайды.
Бір тұғырлы тіл болсын!
Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан