АЗАТ ПЕРУАШЕВ ҚАНА АУЫЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ТЕК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ... АУЫЛ ЕНДІ ТЕК "АҚ ЖОЛҒА" ДАУЫС БЕРЕДІ!

Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған Парламент Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға түсіп жатқан 7 партия арасында 12 қаңтар күні өткен "Хабар" арнасындағы телесайыста «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қана Алаш мұратына адал, нағыз істің партиясы жетекшісі  екенін көрсетті. Оның экономикалық негізге сүйенген әр сөзі, әрбір ұсынысы елдің ықыласын аударды. Иә, Азат Перуашев қана ауыл тақырыбында тек қазақша сөйледі. Ол қалған барлық тақырыпта да, алдымен тек қазақша, содан соң азғана орысша сәйледі Масқара болғанда басқа бір де - бір партия басшысы ауылды өркендету  туралы сөйлеп отырып, ауыл тілінде - қазақ тілінде бір ауыз сөз айтпады. Оппозициямыз деп көкірек қағатын ЖСДП "Азат" партиясы төрағасы Жармахан Тұяқбай да, билік партиясы Нұротандық Ниғматуллин де, әділеттік Уәлихан Қайсаров та, тіпті «Ауыл» партиясы төрағасы Ғани Қалиев те бір ауыз қазақша айтпады-ау. Міне, бұл құлдық психология, орысқұлдық, Тұяқбай, Нигматуллин, Қайсаров мырзалар! Тек «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев қана Алаш арыстарының аманатына адалдығын көрсетіп, сөзін іспен дәлелдеп, бір ауыз орысша қоспай қазақ тілінде ауылды қалай өркендету керек екенін нақты ұсыныстармен, экономикалық негізбен дәлелдеп шықты. Бұл енді миллиондаған көрермендер куә болған Ақиқат. Бұл – нақты дәлел, айқын айғақ. Енді бұған не өтірік, не жала ойлап табады екен, «Ақ жолға» қара күйе жағушы шәуілдектер...  Қалайша енді беттері бүлк етпей Азат Перуашев туралы өтірікті  бөспекші... Ал қалғанының ауыл туралы орысша не деп «оттағанын», мысалы  1 миллиондай оралмандар, 2-3 миллиондай ауыл қазақтары түсінген жоқ. Азат Перуашевтың ауыл шаруашылығын салықтан босату керек, (Англия, Канадада т.б. елдерде солай екенін дәлелдеп берді), өте жеңіл кредиттер беру керек дегені және т.б. құнды ұсыныстары бізді қатты қуантты. Құр сөзден қуырдақ қуыруға құмар ЖСДП "Азат" секілді  айғайшыл партиялардың филиалдары тұтас құрамымен нақты істің партиясы - «Ақ жолға» өтуінің себебі осында болар, бәлкім... Иә, ұлтшыл ақын Қазыбек Иса рас айтыпты, «Ақ жолдың» жаңа төрағасы жайлы мақалаларында және кеше біздің өлкедегі сайлаушылармен кездесулерінде...  Азат Перуашев Алаш партиясы ізбасарлығына адалдығын іспен дәлелдеп, ауыл жайлы тек қазақша сөйлеген жалғыз партия төрағасы..Сонда өзге партиялар төрағалары: қазақ тіліне қарсы партия -  нұротандық Нұрлан Нигматуллин, қазақ тіліне қарсы партия  ЖСДП "Азаттық" Жармахан Тұяқбай, әділеттік қазақ тіліне қарсы Уәлихан Қайсаров, патриоттықтар үшін, тіпті «Ауыл» партиясының қазақ тіліне қарсы (парадокс) басшысы Ғани Қалиевтер үшін ауыл адамдары - қазақтар, миллиондаған оралмандар адам емес пе? Жоқ олар әлі Ресейдің отарында жайылып жүр ме... АЗАТ ПЕРУАШЕВ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУШЫЛАРҒА АЙТАРЫМЫЗ, ОЛ қазақты жаудан қорғаған бас қолбасшы, Абылай ханның бас батыры қанжығалы Бөгенбай батырдың 9-шы ұрпағы.  Кереку өңіріндегі Ерейментаудың тумасы. Түркістанда Әзірет Сұлтан кесенесінде жатқан Бөгенбай батыр бабасына кеше елге келгенде зиярат етіп шықты.  Ендеше Бөгенбай батыр ұрпағы бастаған «Ақ жолға» дауыс береді, ордалы оңтүстіктің қалың қазағы. АЛҒА, «АҚ ЖОЛ»!  АУЫЛ ЕНДІ ТЕК "АҚ ЖОЛҒА" ДАУЫС БЕРЕДІ!

                                               Әбді ҒАППАР ,

Оңтүстік Қазақстан облысы