АЗАТ ПЕРУАШЕВ ҚАНА АУЫЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ТЕК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ… АУЫЛ ЕНДІ ТЕК «АҚ ЖОЛҒА» ДАУЫС БЕРЕДІ!

7
1674


Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған Парламент Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға түсіп жатқан 7 партия арасында 12 қаңтар күні өткен «Хабар» арнасындағы телесайыста «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қана Алаш мұратына адал, нағыз істің партиясы жетекшісі  екенін көрсетті. Оның экономикалық негізге сүйенген әр сөзі, әрбір ұсынысы елдің ықыласын аударды. Иә, Азат Перуашев қана ауыл тақырыбында тек қазақша сөйледі. Ол қалған барлық тақырыпта да, алдымен тек қазақша, содан соң азғана орысша сәйледі Масқара болғанда басқа бір де – бір партия басшысы ауылды өркендету  туралы сөйлеп отырып, ауыл тілінде – қазақ тілінде бір ауыз сөз айтпады. Оппозициямыз деп көкірек қағатын ЖСДП «Азат» партиясы төрағасы Жармахан Тұяқбай да, билік партиясы Нұротандық Ниғматуллин де, әділеттік Уәлихан Қайсаров та, тіпті «Ауыл» партиясы төрағасы Ғани Қалиев те бір ауыз қазақша айтпады-ау. Міне, бұл құлдық психология, орысқұлдық, Тұяқбай, Нигматуллин, Қайсаров мырзалар! Тек «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев қана Алаш арыстарының аманатына адалдығын көрсетіп, сөзін іспен дәлелдеп, бір ауыз орысша қоспай қазақ тілінде ауылды қалай өркендету керек екенін нақты ұсыныстармен, экономикалық негізбен дәлелдеп шықты. Бұл енді миллиондаған көрермендер куә болған Ақиқат. Бұл – нақты дәлел, айқын айғақ. Енді бұған не өтірік, не жала ойлап табады екен, «Ақ жолға» қара күйе жағушы шәуілдектер…  Қалайша енді беттері бүлк етпей Азат Перуашев туралы өтірікті  бөспекші… Ал қалғанының ауыл туралы орысша не деп «оттағанын», мысалы  1 миллиондай оралмандар, 2-3 миллиондай ауыл қазақтары түсінген жоқ. Азат Перуашевтың ауыл шаруашылығын салықтан босату керек, (Англия, Канадада т.б. елдерде солай екенін дәлелдеп берді), өте жеңіл кредиттер беру керек дегені және т.б. құнды ұсыныстары бізді қатты қуантты. Құр сөзден қуырдақ қуыруға құмар ЖСДП «Азат» секілді  айғайшыл партиялардың филиалдары тұтас құрамымен нақты істің партиясы – «Ақ жолға» өтуінің себебі осында болар, бәлкім…

Иә, ұлтшыл ақын Қазыбек Иса рас айтыпты, «Ақ жолдың» жаңа төрағасы жайлы мақалаларында және кеше біздің өлкедегі сайлаушылармен кездесулерінде…  Азат Перуашев Алаш партиясы ізбасарлығына адалдығын іспен дәлелдеп, ауыл жайлы тек қазақша сөйлеген жалғыз партия төрағасы..Сонда өзге партиялар төрағалары: қазақ тіліне қарсы партия –  нұротандық Нұрлан Нигматуллин, қазақ тіліне қарсы партия  ЖСДП «Азаттық» Жармахан Тұяқбай, әділеттік қазақ тіліне қарсы Уәлихан Қайсаров, патриоттықтар үшін, тіпті «Ауыл» партиясының қазақ тіліне қарсы (парадокс) басшысы Ғани Қалиевтер үшін ауыл адамдары – қазақтар, миллиондаған оралмандар адам емес пе? Жоқ олар әлі Ресейдің отарында жайылып жүр ме…

АЗАТ ПЕРУАШЕВ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУШЫЛАРҒА АЙТАРЫМЫЗ, ОЛ қазақты жаудан қорғаған бас қолбасшы, Абылай ханның бас батыры қанжығалы Бөгенбай батырдың 9-шы ұрпағы.  Кереку өңіріндегі Ерейментаудың тумасы. Түркістанда Әзірет Сұлтан кесенесінде жатқан Бөгенбай батыр бабасына кеше елге келгенде зиярат етіп шықты.  Ендеше Бөгенбай батыр ұрпағы бастаған «Ақ жолға» дауыс береді, ордалы оңтүстіктің қалың қазағы.

АЛҒА, «АҚ ЖОЛ»!  АУЫЛ ЕНДІ ТЕК «АҚ ЖОЛҒА» ДАУЫС БЕРЕДІ!

                                               Әбді ҒАППАР ,

Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                                                                                                                                                                                

7 ПІКІРЛЕР

  1. Әбді ГАППАР мырза!
    Батыр бабамызды бәріміз де мақтан тұтамыз. Ал ұрпақтың бақа-шаян болатынын басқа бабамыз айтып кеткен. Азатты батырдың ұрпағы деп атап айтқаның дұрыс емес. Ол қу құлқыны үшін жүрген бақа-шаянның бірі. «Заманың түлкі болса тазы боп шаптың» кері ғой. Ауылдың қазағына түкіргені бар оның. Осы айтқандарым уақыт келе қате болып шықса мен тек қуанамын. Сол кезде басымды иіп кешірім сұраймын, ал тура болса не болады…

  2. СЕРКЕ.ОРГ САЙТЫНДАҒЫ ЖСДП -ның ЖАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ БҰЛ МАҚАЛА ЖАҚСЫ ЖАЗЫЛЫПТЫ. ШЫНДЫҚ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ. ЖСДП «АЗАТ» АҢҚАУ ЕЛГЕ АРАМЗА МОЛДА ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ. Енді «Азат»ЖСДП-ның ақыры» атты мақаланы қалай табуға болады?

  3. «БАСҚА ПАРТИЯЛАР БІР АУЫЗ ҚАЗАҚША ҚОСПАЙ ШЕТ ЕЛДІҢ – рЕСЕЙДІҢ ТІЛІНДЕ – ОРЫСША СӨЙЛЕДІ! ШЫНДЫҚ ПА-ШЫНДЫҚ! » депсіз. Дұрыс айтасыз. Ол партиялардың басшылары – ЖСДП «Азат» төрағасы Жармахан Тұяқбай, Нұротаннан – Нұрлан Нигматуллин, «Әділеттен» Уәлихан Қайсаров, Патриоттардың, тіпті «Ауылдың» басшысы Ғани Қалиевтың БІР АУЫЗ ҚАЗАҚША ҚОСПАЙ ШЕТ ЕЛДІҢ – рЕСЕЙДІҢ ТІЛІНДЕ – ОРЫСША СӨЙЛЕГЕНІ ШЫНДЫҚ, өкінішке орай. Олар қазақ тіліне қарсы шыққандар кезінде. Олардың «өз тілдерінде» айтспақ – тұяқбай -позор, қайсар-позор, нигматуллин позор, ғани қалиев – позор болды ел алдында, қазақтар алдында. (Олардың, қазаққа қарсылардың есімдерін үлкен әріппен жазуға болмайды) ШЫНДЫҚ ПА-ШЫНДЫҚ! Осы шындыққа шыдамай іштарлықтан, көре алмаушылықтан, қызғаныштың қызыл итінің қыңсылауынан өліп кететіндер болса, оған тек қазақша сөйлеген Азат Перуашев кінәлі емес, орыс тілінде сөйлеген өздерінің басшылары кінәлі. Махамбет Ерғали.

  4. КЕШЕ ТЕЛЕДЕБАТТА АУЫЛДЫ ӨРКЕНДЕТУ ТАҚЫРЫБЫНДА БІР АУЫЗ ОРЫСША ҚОСПАЙ ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП, ҚҰНДЫ ҰСЫНЫСТАР ЖАСАҒАН КІМ? АЗАТ ПЕРУАШЕВ! ШЫНДЫҚ ПА-ШЫНДЫҚ! БАСҚА ПАРТИЯЛАР БІР АУЫЗ ҚАЗАҚША ҚОСПАЙ ШЕТ ЕЛДІҢ – рЕСЕЙДІҢ ТІЛІНДЕ – ОРЫСША СӨЙЛЕДІ.ШЫНДЫҚ ПА-ШЫНДЫҚ! ЕНДІ НЕ ДЕЙСІҢДЕР, АҚ ЖОЛҒА ҮРУШІЛЕР? «АҚ ЖОЛДЫҢ АҚ КЕРУЕНІ ҮРГЕНДЕРГЕ ҚАРАМАЙ АЛҒА ТАРТА БЕРЕДІ»-ДЕП ҚАЗЫБЕК ИСА ДӘЛ ТАУЫП АЙТҚАН ЕКЕН. «АҚ ЖОЛҒА» – АҚ ЖОЛ!

  5. Осы партиялар арасындағы телесайыста Азаттың ұстанымы нағыз тақырыпқа орай нақты экномикалық құрылымға сай өрбіді.Сайыстың барлық раундында «Ақ жол» партиясының тұғырнамасының негізі халыққа кызымет ету керектігін салиқалы да сауатты жеткізе біді.Бұл «АҚ жол» партиясының көп жылдан бергі табанды түрде ұлттық мүдде үшін жүрізіп келе жатқан платформасының жалғасы деуге болады.Сайлау әділ өтсе,мәжілістің төрінен орын алуға лайықты партия деп есептейміз және осы партияға дауыс береміз.Тек ертегі болмаса екен.

  6. Иә, бізде көрдік достарымызбен бірге теледебатты. рас тек Азат қана тек қазақша сөйледі. Ал қалғанының ауыл туралы орысша не деп оттағанын, мысалы біз, 1 миллиондай оралмандар, 2-3 миллиондай ауыл қазақтары түсінген жоқпыз. Азаттың ауыл шаруашылығын салықтан босату керек, жеңіл кредиттер беру керек дегеніне қуандық, ендікүтеміз. Біз Ақ жолға ғана дауыс береміз. Серік.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз