Ислам Әбіш: 3 жыл ішінде 200 мыңнан астам отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады
2019 ж. 01 тамыз
4159
32
№2 ҮНДЕУ
3 жыл ішінде кезекте тұрған 200 мыңнан астам отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы деректеріне сәйкес (ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 487 мың отбасы тұр, олардың ішінде 220 мың отбасы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, 31,7 мыңы - көп балалы отбасы. Кезекте тұрғандар үшін 7 жыл ішінде 46 мың пәтер салынады. Кезекте тұрған қалған 441 мың отбасы, о.і. 174 мың әлеуметтік осал отбасы пәтерді қашан алатыны белгісіз, бұл туралы ештеңе айтылмаған. Төмендегі кестеде бюджеттен қандай қаражат бөлінетіні көрсетілген.№ | Қаржы не үшін бөлінеді | Қаржы қанша жыл бөлінеді | Бір жылға (млрд.теңге) | Барлығы (млрд.теңге) |
1 | Жалға берілетін тұрғын үй салуға | 7 | 50 | 350 |
2 | ТҚЖБ арқылы несиеге тұрғын үй | 3 | 50 | 150 |
3 | Әкімдіктердің тұрғын үй сертификаттары | 5 | 17 | 85 |
4 | Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау | 7 | 240 | 1400 |
5 | Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу | 7 | 200 | 1400 |
6 | Салынып жатқан тұрғын үйлік алаптарға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу | 7 | 100 | 700 |
657,0 | 4365,0 |
- 46,0 мың пәтер салынады.
- Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен
- 5000,0 км жергілікті жол жөнделеді,
- Салынып жатқан тұрғын үйлік алаптарға инженерлік
Біздің ұсынатынымыз!
- 5 жылдың ішінде осы мақсатқа 1,4 трлн.теңге жұмсап, барлық кезекте тұрған 487,0 мың отбасыны пәтермен қамтамасыз ету.
- 3 жыл ішінде барлық ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету, шығын көлемі - 320,0 млрд теңге.
- 3 жылда 5000,0 км жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу,
- 5 жылда салынып жатқан барлық тұрғын үйлік алаптарға