Тоқаев колонияда азаптау дерегіне байланысты Бас прокурорға тапсырма берді
2019 ж. 01 тамыз
2005
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Азаматтық бақылауды күшейту қажеттілігі туралы жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - деп жазды Мемлекет басшысы.
Осыған дейін, Желіде видео пайда болған. Онда колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқаны түсірілген. Тағы бір видеода әскери форма киген қызметкерлер бір адамды іліп қойғаны түсірілген. Олардың бірі ер адамның басынан. Кадрдан басқа әскерилер мен күзетшілерді көруге болады. Осы оқиғадан соң ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.