Президент Марқакөлдегі браконьерлердің жолын кесуді тапсырды
2019 ж. 30 шілде
2667
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл көлінде заңсыз балық аулап жүрген қылмыстық топпен күресуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мол көлемде уылдырық алу үшін Марқакөлде (ШҚО) майқан балығын заңсыз аулап жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу туралы ішкі істер органдарына тапсырма бердім. Бақылауға алынды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.