Қауіпсіздік сертификатын орнатқандардың мәліметтері ұрланбайды – Исмаилов
2019 ж. 29 шілде
1771
0
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов қауіпсіздік сертификатын орнатқандардың мәліметтері құпия болатынын айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
"Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда қауіпсіздік сертификаты шифрланған трафикті ашуға мүмкіндік беретіні туралы бірнеше рет айтылды. Бірақ бұл онлайн режимінде болады және заңға қайшы контентке ғана қолданылады. Ешкім сіздің хаттарыңызды, кіру тарихын, әлеуметтік желідегі парақшаңызды, құпия сөздеріңізді сақтамайды. Уәкілетті органдадың шешімімен анықталған заңға қайшы контент тізімі бар", - деді Исмаилов.
Ол кез келген технологиялық шешімде қателік болатынын, қауіпсіздік сертификатын апробациялау кезінде интернетке қолжетімділікке қатысты ақаулар болуы мүмкін екенін айтты.
"Баспасөзді оқығанда Facebook, Twitter желілерінде проблемалар барын жиі байқаймыз. Қазақстанда жиі болмаса да, бәрібір болады. Байланыс операторларымен тұрақты жұмыс істейміз. Туындаған мәселенің барлығымен жұмыс істейміз. Сондықтан олардың жауапкершілігіне қатысты мәселе болса байланыс операторының call-орталығына жүгінуіңізді сұраймыз. Өздері шешеді. Егер қауіпсіздік сертификатына қатысты болса және сертификатты орнатпағандарға қолжетімділік бұғатталса, онда бұл мәселені біз отырып шешетін боламыз. Кез келген техникалық шешімде қандай да бір қателік болады. Қазір апробациялау процесі жүріп жатыр", - деді ол.