Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі – Тоқаев
2019 ж. 25 шілде
2120
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетіндігін айтты, - деп хабарлады baq.kz.
"Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!",- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет екенін айтты.
"Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалған болатын. Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды. Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтқан еді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі инспекторларға шабуыл жасаған қылмыскерлерді анықтау және ұстау үшін еліміз бойынша «Ұстау» жоспары жарияланғанын айтты.