Тоқаев пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды
2019 ж. 24 шілде
3018
1
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жазда пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 шілдеден бастап электронды теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесін іске қосты. Сондай-ақ компания билеттердің алдын ала сатылуына қатысты түсінік берген болатын.