Асхат Аймағамбетов: Балалардың дербес ерекшеліктері ескерілуі керек
2019 ж. 20 шілде
2246
0
Елімізде білім бағдарламаларының ауырлығын алға тартқан ата-аналардың көпшілігі баланы 6 жастан мектепке беруге қарсылық білдіріп жатқаны белгілі. Өз жемісін бергенше, кез келген бастамаға, бастапқыда күмәнмен қарау заңдылық екені белгілі. Бұл тұрғыда ел арасында әртүрлі алыпқашпа әңгімелердің жүргені де жасырын емес.
Мәселен, балаларын мектепке 6 жастан бермеген ата-аналарға айыппұл салынады деген әңгімелердің негізсіз екендігін де атап өтті білім министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, республика бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері жыл санап 6 жастан мектепке баратындардың қатары молайып келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2014 жылы ел көлемінде бірінші сыныпқа барған 320 мың бүлдіршіннің 60 пайызы алты жаста болған болса, өткен жылы 80 пайызға жеткен.
Ал өзге мемлекеттерге көз тастасақ, әлемнің 134 елінде оқушылар алты жастан мектепке барады екен.
Жиын барысында өз баласының да алты жастан мектепке барғанын атап өткен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әрбір баланың дербес ерекшеліктерінің ескерілетіндігін тілге тиек етті.
qazaquni.kz