Қытайда қазақ қызы қайтыс болды
2019 ж. 16 шілде
6630
1

Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды КТК арнасы.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Чанчжоу қаласында қазақстандық студенттің көз жұмғанын растады. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған.
«Оқиғаның болғанын растаймын. Толыққанды ақпарат ертең өтетін брифингте айтылады. Әзірге қыздың расымен Қытайда көз жұмғаны белгілі», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.
20 жастағы Сандира Серікханова Jiangsu University of Technology атты білім ордасында үшінші курста оқыған. Қыздың денесі 2 мамырда Нұр-сұлтанға жеткізіліп, жерлеу рәсімі келесі күні өтті.