Жаңаөзен оқиғасы ауыс-түйістерді тездетті

0
1003

22 желтоқсан күні Президент Н.Назарбаев Жаңаөзен тұрғындарымен кездесіп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қирандыға айналған нысандарда болды.

Мемлекет басшысы Ақтаудың басшыларымен, қоғамдық белсенді өкілдермен және мұнай компанияларының еңбек ұжымымен кездесіп, жиналыс өткізді. Жиында Елбасы Жаңаөзен қаласының мәртебесін көтеруде барлық шаралардың жасалатынын, сондай-ақ, қаладағы бұзылған әрбір ғимарат жақын арада қайта қалыпқа келтіріліп, өз жұмыстарын жалғастыратынын, жұмыстан қуылған жұмысшылардың мәселесі шешілетінін қадап айтты. Сонымен қатар, Н.Назарбаев облыс активіне олардың жаңа әкімі Бауыржан Мұхаммеджановты таныстырды. Ресми дерек көздері Маңғыстау өңірінің бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі болудан өз еркімен бас тартқанын хабарлады.
Сондай-ақ, осы күні «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ президенті болып Ләззәт Қиынов, «Разведка добыча «ҚазМұнайГаз» АҚ Бас директоры болып Әлік Айдарбеков бекітілді.
Ал 23 желтоқсанда Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаевты отставкаға жіберсе, 26 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Көп ұзамай Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы Өмірзақ Шөкеевті таныстырды. Сонымен қатар, Ө.Шөкеев Жаңаөзен бойынша комиссияны басқару міндетін жалғастыратындығы жөнінде хабарлады.
ҚР бірінші вице-премьерінің міндеттерін атқару Әсет Исекешевке жүктелді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз