ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ
2019 ж. 12 шілде
2100
0
Мемлекет басшысы жаңадан ашылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Қазақстан Президентіне министр өзі басқарып отырған саланың қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы жайлы хабардар етті.
Мырзағалиев геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне де тоқталды. Сонымен қатар, Тоқаев халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына көпшілікті жұмылдырып, еріктілерді тартуға шақырды.
qazaquni.kz