Шымкентте қыз алып қашу деген жоқ - Ғабидолла Әбдірахымов
2019 ж. 09 шілде
4634
0
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте қыз алып қашу туралы әңгімелер жәй ғана қауесет екенін айтты, + деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысынан кейін қала әкімі журналистерге 2023 жылға дейін Шымкент қаласының кешенді даму жоспары және туристер қызығатындай қала болуы үшін не істелініп жатқанын айтты. Осы кезде журналистер қалыңдық ұрлау салтына байланысты қыздарға Шымкентке бару қаупі жайлы туралы сұрақ қойды.
"Шымкентте қыз алып қашу деген жоқ. Қазір осы жағдайға тікесінен қарайтын болсаңыз оның барлығы Шымкент туралы қауесеттер екенін аңғаруға болады. Бірақ менің ойымша, кейде қыздардың өздері алып қашқанын қалайтын сияқты", - деді әкім журналистердің сұрағына жауап бере отырып.