Министр: Кешірім сұрау – әскерилер мен арыстықтар арасындағы мәселе

3
2020

Арыстағы оқиғаға байланысты пікір айтып, сынға ұшыраған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 4 шілдеде «кешірім сұрау мәселесі – бұл әскерилер және Арыс тұрғындары арасындағы мәселе» деді, – деп хабарлайды abai.kz.

Ол Арыстағы оқиғадан зардап шеккен отбасыларға көңіл айтып, бейбіт уақытта мұндай төтенше оқиғалар болмауы тиіс деді.

«Елдің қорғаныс күштерінде қызмет ететін барлық әскерилер зардап шеккендердің қайғысына ортақтасады. Әскери борышын өтеуге барған кез келген әскери қызметкер саналы түрде тәуекелге барып, жауапкершілікті мойнына алады. Сондықтан әскери қызметкер үшін тәуекелге бару – табиғи құбылыс. Бірақ бейбіт заманда әрине, мұндай апат болмауы тиіс, бұл қалыпты нәрсе емес. Сондықтан қазір жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, ешкім оларды жасырып, ақтамайды. Кешірім сұрау мәселесі – бұл әскери қызметкерлер, мен және Арыс тұрғындары арасындағы мәселе» деді министр.

3 шілдеде Нұрлан Ермекбаев үш адам қаза тауып, мыңнан астам нысанның бүлінуіне себеп болған Арыстағы жарылысты «табиғи құбылыс» деп атап, халықтан «кешірім сұраудың ретін көріп тұрған жоқпын» деп мәлімдеген еді. Министрдің мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары оның пікірін сынаған. Министрдің мәлімдемесін сынға алған белгілі ақын Қазыбек Исаның «ХАЛЫҚТАН… ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ!?.» атты мақаласы да «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде жарияланып, оқырманның қолдауына ие болған.

3 ПІКІРЛЕР

  1. Мына сөзіне қарасақ, Ермекбаев басқа саланы басқарып жүргенге ұқсайды. Құдай-ау, «кешірім сұрау мәселесі – бұл әскерилер және Арыс тұрғындары арасындағы мәселе» дегені қай сандырағы. Мына министрде қарапайым адами түсінік деген мүлдем жоқ қой. Мынау қалай министр болып жүр?

  2. Мынау министрдің миы ауысып кеткен бе? Саланы басқарған соң өзі әрбір әскери үшін жауап беретінін білмейді ғой. Бұны кім министр етіп с тағайындаған? Өзін халықтан жоғары санайтын топасты орнынан алып, Арыстағы апат үшін қылмыстық іс қозғау керек. Оған алдымен министр жауапты. Сондықтан осы министрді соттау керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз