ЖЫЛ АДАМЫ-2011
2011 ж. 30 желтоқсан
3761
3
«ЖАС ҚАЗАҚТЫҢ» ЖЫЛ АДАМДАРЫ
ЖЫЛ ДЕПУТАТЫ – НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ
Мә жіл іс д е п у т а т тарының ішінде нағыз ұлт жанашыры, халық перзенті ретінде аталатын есім – Нұртай Сабильянов. Ұлттық мүдде қорғаушысы, тіл жанашыры, руханият жақтаушысы Нұртай Салихұлы экономика, саяси, әлеуметтік мәселелерде де жиі үн қатып, министрлерге депутаттық сауал жолдап, оларды тығырыққа тіреп жүргені. Қолға алған бастамасын соңына дейін жеткізбей тынбайды. Биыл да Нұртай Сабильянов мемлекеттік тілге қарсы депутаттардан құралған мәнсіз Мәжілісті таратуға ықпал етті. Сауалнама нәтижесінде Нұртай Сабильянов Жыл депутаты атанды.
ЖЫЛ ҚАЙРАТКЕРІ – МҰХТАР ТАЙЖАН
«Әке көрген оқ жонар...» демекші, қоғам қайраткері, дипломат Болатхан Тайжанның ұлы Мұхтар Тайжан сонау 1997 жылы «Қазақстан2030» с т р а т е г и я с ы н қ ұ р у ғ а а т с а л ы с қ а н . Э к о н о мист, кәсіпкер. Үш баланың әкесі. Жақында ғана Мұхтар Шахановтың «Тәуелсіздікті қорғау» қозғалысына мүшелікке қабылданған. Қажырлы жұмысқа бастанаяқ берілумен қатар, энтузиастық көңіл күймен елге қызмет етуді азаматтық парызым деп біледі. Болатхан Тайжан атындағы қорды құрып, талантты жастар мен ғалымдарға барынша көмек көрсетіп жүр. «Сайлауға бойкот жариялайық» деп, «Руханият» партиясынан шығып кеткен жас саясаткер.
ЖЫЛ ӘКІМІ – БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВ
Ел басқару тізгіні екінің біріне берілмейді. Білімі мен тәжірибесі т о л ы с қ а н ж а ң а ш ы л азаматқа ғана аманат артылады. Болатбек Баянұлының елге қызмет етуде жаңашыл ізденістерге толы ілгері істері ел көңілінен шығып жүр. Сыр өңірінің әкімі аймақтың асқақ бейнесін қалыптастыруға, мемлекеттік саясатты жүйелі жүргізуге, аймақтың әлеуметтікэкономикалық, мәденирухани дамуын қамтамасыз етуге ұйытқы болды. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Аймақ дамуы жөнінен еліміз бойынша алда келеді. Биылғы ақ күріштен тау тұрғызған облыс дихандарының зор жетістігі де ерекше атауға тұрарлық. Облыс әкімінің еңбегін жоғары бағалаған Елбасы Б.Қуандықовты «Құрмет» орденімен құрметтеді.
ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ – ЕРЖАН МӘНДИЕВ
«Азия Авто» көлік құрастыру зауытының президенті, «АҚ ЖОЛ» партиясының мүшесі Ержан Мәндиев кәсіпкерлік с а л а с ы н д а қ ы р у а р жұмыс атқарып жүр. Ол басқаратын зауыт бүгінгі таңда биік көрсеткіштерге қол жеткізді. Отандық өндірістің жаңа жетістіктері Өскемендегі өзге кәсіпорындарға үлгі болмақ. «Азия Автоның» жетістіктерін барша шығысқазақстандықтар үнемі мақтан тұтып жүреді. Өйткені аталмыш өндіріс орнында жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, әлемдік стандартқа сай келетін қазақстандық автокөліктер көпшіліктің көңілінен шығ уд а. Зауыттың жаңа жетістіктері кенді Алтайдың ғана мақтанышы емес, жалпы, егемен елдің жетістігі. «Азия Авто» көлік құрастыру зауыты Тәуелсіздік мерекесіне орай отыз мыңыншы автокөлігін шығарды.
ЖЫЛ ҒАЛЫМЫ – АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ
Ғылым жолы – қиын жол. «Тегінде адам адамнан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің 6әpi де ақымақшылық» деген Абай сөзін өмірінің мәнмағынасына балаған, мамандығын ар туындай биік ұстаған азамат – Асқар Жұмаділдаев. Оның eciмі қазақ жұртына жақсы таныс. Бертінкелеәлемдікдеңгейгекөтерілді.АсқарМ.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, жиырма бес жасында кандидаттық, отызында докторлық диссертация корғап, профессор атанды. Одан кейін Ұлттык Ғылым академиясының корреспондентмүшесі болды. Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан Республикасының халық депутаты болып сайланды. Сол кезде оның ұлт мүддесін ту етіп көтергені есімізде . «Қазақтың атын шығару керек. Иса пайғамбар, Карл Маркс, Эйнштейн – еврей халқының мақтанышы. Біз кімнен кембіз?!» деп шарқ ұрған Асқар Жұмаділдаев әлі де сол бағытынан тайған жоқ.
ЖЫЛ АҚЫНЫ – ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК
Көк түріктер сарынымен көк түріктер әлемін д үбірлеткен Темірхан Медетбектің биыл үш томдығы жарық көрді. Әр өлеңі ғана емес, әр сөзін ел елеңдей күтетін ақынның үздік өлеңдерден үкіленген үш томдығы поэзияға қосылған аса бай қазынамыз. Сауалнама нәтижесінде оқырмандар асқақ жырларымен биік тұрған ақын Темірхан Медетбекті «Жыл ақыны» деп атады.
ЖЫЛ ДРАМАТУРГІ – ИСРАЙЫЛ САПАРБАЙ
« Ма ха б б а т ша йыры» атанған ақынның асқаралы алпысын Абай атындағы опера және балет театрында дүрілдетіп өткізуі өз оқырмандарын бір серпілтіп тастады. Жалпы, Исрайыл Сапарбай әдебиеттің қай саласында болмасын, өндіріп жұмыс істейді. Жаңа жинағы жарық көрді. Телерадиоарналарда әндері жиі орындалады. Дегенмен, биыл М.Әуезов театрында Исрайыл Сапарбайдың «Қыз мұңы» атты жаңа пьесасының тұсауы кесілді. Қойылым көрермен қошеметіне ие болып, табысты жүріп жатыр.
ЖЫЛ РЕЖИССЕРІ – РҮСТЕМ ӘБДІРАШЕВ
Бұған дейін «Стал и н н і ң с ы й л ы ғ ы » фильмдерімен аты шыққан талантты режиссер биыл « Бал ал ық шағ ымның аспаны» фильмімен елді елең еткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың қиын да қызықты балалық шағын суреттеген бұл картина қазақ киносына өзіндік ерекшелігімен енді. Көзі тірісінде өз «патшасы» туралы фильм түсіруге екінің бірінің жүрегі дауаламаса керек. Ал Рүстем Әбдірашев бұл орайда батыл қадам жасап, қазақ кинорежиссурасына да батыл шешімдер енгізді. Көркем картинаны тамашалап отырып, Рүстемнің қазақ киносының нағыз саңлақ режиссері болатынына сеніміміз беки түсті.
ЖЫЛ АКТЕРІ – БЕРІК АЙТЖАНОВ пен НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ
Кейінгі кезде көрермендер көзайымына айналып жүрген Берік Айтжанов үшін биылғы жыл жемісті болды. Режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильміндегі басты рөлі үшін ол «Ең үздік ер адам рөлі» бәйгесін жеңіп алды. «Сіз кімсіз, К мырза?» фильмінде де ол бейнелеген бейне ерекшеленіп тұрды.
Нұрлан Әлімжанов – ж ұ л д ы з ы ж а н ы п келе жатқан жас актер, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының л а у р е а т ы . « Б а қ с ы » , «Күнә», «Ән мен анаша», «Ағайындылар» кинотуындылары арқылы өнерге жолдама алды. Әншілік, тележүргізушілік өнері тағы бар. Биыл Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасымыз Н.Назарбаевтыңбейнесін сомдады. Өнерсүйер қауымға сазгерлігімен де танылған әрі спорт десе ішкен асын жерге қоятын Нұрланның бойынан нағыз қазақы болмысты байқайсыз. Нұрлан Әлімжан – Қытай елінің киносына түскен тұңғыш қазақ актері.
ЖЫЛ ӘНШІСІ – ЕРАЛХАН ӘБІШЕВ
Ө . Ж о л д а с б е к о в а т ы н д а ғ ы С т у д е н т тер сарайының директоры атанғанына көп бола қоймаса да, бірқыдырғы істер тындырып үлгерді. Ол күн сайын, тіпті сағат сайын эфирден түспей жүрген әншілердің қатарында емес. Жарқжұрқ еткен клип түсіріп, өзіне жалтылдатып жарнама да жасамайды. Жайымен жүріп іс тындырады. Жанға жағымды дауысы бар. Бір ән айтса да жанын жеп айтады. «Мұрагер» продюсерлік орталығын құрған сонау 2007 жылдан бері продюсер ретінде жас әншілерге сүйеу болып, соларды жетектеймін деп жүріп, өз әндері туралы ұмытып кетеді. Әйтсе де, таяуда ғана сырлы сазға толы жеке шығармашылық кешін
өткізіп, фонограммасыз ән айтып, халық алдында есеп бергені – «ел еркесі Ералханның»
еңбекқорлығын айғақтаса керек.
ЖЫЛДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ТОБЫ – «МУЗАРТ» ТОБЫ
Қазақ эстрадасының көгінде жұлдыздары жарқырап, көпшіліктің көзайымына айналған «МузАрт» тобының құрылғанына биыл 10 жыл толыпты. Осы уақыт аралығында тыңдармандарына әсем әндер сыйлап жүрген «МузАрт» тобының өнерсүйер қауым үшін алатын орны ерекше. Аталмыш топ өнер әлемінде өз орнын тауып, халықтың үлкен қошеметіне бөленіп, көпшіліктің қуанышына айналып үлгерді. Тіпті, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «МузАрт» тобының сырлы сазды әндерін тыңдауды әдетке айналдырған. «МузАрт» тобы қашанда халық сүйіспеншілігіне бөлене бермек.
ЖЫЛ СУРЕТШІСІ – МАРАТ НҮСІПОВ
Белгілі суретші Марат Нүсіповтің майлы бояумен салынған «Қобыз неге жылайды?», «Ғасырлар үні», «Комбайншылар» тағы да басқа туындылары көптеген үлкен көрмелерде жүлделерге ие болды. Ол Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова сынды көптеген өнер адамдары мен мемлекет қайраткерлерінің бейнесін салды. М.Нүсіпов талантының тағы бір қыры ол – шебер мүсінші. М.Нүсіповтің ең алғашқы жұмыстарының өзі қазақ халқының ұлттық мінезқұлқынан хабар беріп тұр. Марат Әлімқұлұлының кейінгі туындылары қазақтың ұлттық бояуымен салынған. Оның ішінде «Көкпар», «Бәйге», «Ата толғауы», «Апам менікі», «Ақжүніс» секілді туындылары салтдәстүр нақышында бейнеленген.Таяуда ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында Қазақ ұлттық өнер академиясының академигі Марат Әлімқұлұлы Нүсіповтің жеке көрмесі өтіп, «Елім менің, жерім менің» атты кітабының тұсаукесері болды.
ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ – ИЛЬИЯ ИЛИН және ҰЛАН РЫСҚҰЛ
Қазақ әнұранын Франция көгінде қалықтатып, көк туымызды желбіретіп қайтқан Илья Ильинді қалай мақтасақ та, онымен қалай мақтансақ та жарасад ы. Пекинд ег і Олимпиадалық ойындар чемпионатында, Гуанджоудағы (2010) Азиалық ойындар жеңімпазы Илья Ильин Парижде 3 дүркін әлем чемпионы атанып, Лондонда 2012 жылы өтетін жаздық олимпиадаға жолдама алды.
Ал Астана төрiнде өткен «Қазақстан барысы» атағына ие болған – Сырдың түйе палуаны, 2009 жылғы Азия чемпионатының дзюдодан қола жүлдегерi Ұлан Рысқұл да биыл қазақ Спортының атын асқақтатты. 64 спортшы iшiнен суырылып шыққан оған 150 мың АҚШ доллары табысталды. Қазақ күресi тарихында жеңiмпазға бұрынсоңды мұндай жүлде тiгiлiп көрген емес. Жалағаштық жампоз Ұлан Рысқұлға көрсетiлер құрмет жоғарыда айтқан көк қағазбен шектелiп қалған жоқ. Қызылордада «Қазақстан барысы» жеңiмпаздарын салтанатты марапаттау шарасында облыс әкiмi Болатбек Қуандықов жыл басында ғана шаңырақ көтерген Ұланға баспана сыйға тартты. 120 келi тартатын 25тегi дзюдошы ендi Лондон олимпиадасында биiктен көрiнудi көздеп отыр. Батырлардың жолы ашық болсын!
*ЖЫЛДЫҢ ТАРИХИ ДАТАСЫ –
16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы.*ЖЫЛ ДҮБІРІ –
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жазылған «138-дің хаты».*ЖЫЛДЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАСЫ –
Жаңаөзен оқиғасы. *ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ДОДАСЫ – 7-ші Қысқы Азиада ойындары. Бұл додада Қазақ елі 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медалін жеңіп алды.