Арыс тұрғындары Шымкентте көшені жауып тастады
2019 ж. 27 маусым
3310
0
Арыс тұрғындары Шымкентте көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көшені жапқандар Арыста қауіпсіз екенін айтып, Шымкенттен үй беруді талап еткен. Жиналған жұртқа Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауап берді.
"Сіздер Шымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр, мүгедектер де бар, жағдайы нашар отбасылар бар, көпбалалы аналар бар. Мен оларға не деуім керек? "Мен сіздерге бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін" деуім керек пе? Олар да сіздердей адам ғой, олар да сіздер секілді жиналып, талап етуі мүмкін. Кейбірі тіпті 10 жылдай кезекте тұр. Арыс жақсы қала, станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдар салынады", - деп жауап берлі шаһар әкімі.
Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.