Кәсіпкер Нұралы Әбішов арыстық ағайынның қажеттілігіне 5 млн. теңге аударды
2019 ж. 26 маусым
2244
0
Арыстықтарға Қазақстан жұрты жұмыла көмек көрсетіп жатыр. Бір аймақты жалмаған апатта үй-жайсыз қалған бауырларымызға еліміздің әр өңірінен азық-түліктер әкелінуде. Бүгінде Шымкент қаласындағы екі нысанға көмек қолын созғандардың тұрмыстық заттары жиналып жатыр. Қалалық әкімдігі жанындағы көрме орталығы лық толғандықтан, қала сыртындағы сауда логистикалық орталығы да бұл мақсат үшін өз есігін айқара ашты. Тек шымкенттіктер ғана емес Қарағанды, Тараз секілді аймақтардан азық-түліктер жеткізіліп жатқандығын айтуымыз керек.
Мегаполистегі бірқатар ірі кәсіпорындар да арыстықтарға жайлы жағдай жасауға атсалысуда.
Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, «Бөрте» сүт зауытының негізін салушы Нұралы Әбішов мұқтаж жандар үшін 5 млн. қаражатын аударса, эвакуацияланған тұрғындарды өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Міне бүгін айран, қаймақ, құрттарын алып, көмек қолын созуға келген «Бөртеліктердің» белсенділігіне куә болдық. Мұнан өзге төтенше жағдайда мәрттік танытқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!
Дереккөз: aigak.kz