Тоқаев Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды
2019 ж. 24 маусым
2355
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» - деп жазды Президент өзінің twitter парақшасында.
Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.