Көкшетаудағы көлдің жағасынан адам өміріне қауіпті бактериялар табылды
2019 ж. 24 маусым
2637
0
Көкшетаудағы Қопа көлінің жағасынан адам өміріне қауіпті бактериялар табылды, - деп хабарлайды 24.kz.
Оларды жергілікті эпидемиологтар арнайы мониторинг барысында анықтаған. Тіпті мамандардың жазбасы әлеуметтік желіде таралып кеткен. Ал, онда аскарида және токсокара жұмыртқалары табылды деп жазылған. Бірақ олардың нақты қалай пайда болғаны белгісіз. Болжам бойынша, ағын сумен келіп құйылуы немесе қаңғыбас иттер мен мысықтардан таралған болуы да мүмкін. Көл жағасына әлі ескерту тақтайшасы ілінбеген.
Мамандардың айтуынша, тазалық пен қауіпсіздікті сақтаған адамға олардың зияны жоқ. Оның үстіне аталған паразиттер ыстыққа шыдамсыз екен.
Серік Омарханов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Бұл гильменттер табиғатта бар нәрсе. Олар табиғи цикл дейді ғой, сол. Сол цикл бойынша ол топырақта болады, жануарда болады. Ол топыраққа жануардан түседі. Солай адамдарға жұғады. Адам үшін әрине қауіпті ол. Ол қан жүйесіне, сосын адамның миына да түсуі мүмкін. Бауырларына түсуі мүмкін. Сондай. Жеке бас гигиенасын әрбір адам пляжға барғанда сақтау керек.