Жаңаөзендегі оқиғаны жан-жақты тексеруді талап етеміз

7
1376

Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» ҚДП төрағасы:

 

 

 

 

 

Таяуда «Ақ жол» партиясының басшылығы ұлттық-патриоттық бірлестіктермен кездесу өткізді. Жиын барысында «Ұлы дала» қозғалысының төрағасы Айдос Сарым Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеруші Мемлекеттік Комиссияның құрамына оның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдерін қосуды ұсынды.

«Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев аталмыш комиссияны құру кезінде Мемлекет басшысының «…ақпараттың мейлінше ашықтығын қамтамасыз етуді, қорытындысы туралы халыққа хабарлауды, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруды» тапсырғандығын атап өтті.
– Біз белгіленген тәртіп бойынша комиссияның жұмысына қатысу үшін өз өкілдерімізді жіберуге дайынбыз, – деді Азат Перуашев. – Желтоқсанның 17-сіне қараған түні қабылданған «Ақ жол» партиясының Мәлімдемесінде «Партия осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеміз» деп атап көрсетілген.
Осыған орай, «Ақ жолдағылардың» пікірінше, ҚДП-ның беделді мүшелері қатарынан тәуелсіз сарапшыларды тарту Мемлекеттік комиссия жұмысының қоғам үшін шынайылығын, оның ашықтығын және транспаренттілігін қамтамасыз етеді.

Айгүл КЕРІМ

7 ПІКІРЛЕР

  1. Қалай дегенменде бүлiктi бастаған соң соңының осындай болатынын болжау керек еді деп ойлаймын, себебі Бин Усаймин, рахимуллах, айтқан екен: «Нет никаких сомнений в том, что митинги и демонстрации зло! Ведь эти вещи влекут произвол и анархию со стороны митингующих в отношении других. Во время этого бывают покушения на честь, имущество и жизни людей, поскольку люди в пучине этой смуты подобны пьяным, которые не понимают, что они говорят и что делают. Митинги и забастовки все это является злом! И неважно, дозволяет это правитель или нет!»-деп. Сондықтан, ардақты ағайын мәселені шешуде бұдан басқа толып жатқан халал жолдармен шешуге тырысайық, себебі ахирет күні әр ісіміз үшін жауап беретінімізді ұмытпайық. Мейлі әкім бол, мейлі қара бол – әркім өз амалының тұтқыны.

  2. Козгалыстар мен партиялалардын ад!л багасы , халыкшыл болганда гана , алдарына койган максаттарга , кездескен кедерг!лерге нык алга басуларымен гана козге тускенде ,ауыз толтырып айтуга болады . Уакыттын елег!мен . болашактагы келер жастардын колдауынан туар ,уакыт тудырган гана ,заман аяк алысымен б!рге жасар козгалыстар ом!ршен болары белг!л!.

  3. Халыктын партиясы болгандыктан , болады мен айтылады дегеннен гор!,осы шакта айтылып турган !с-шаранын кабыл болдысы гана ,халыктын кабылдары болмак .Болар шактагы курылар . шын козгалыстар мен шынайы партиялар , басеке тургысындагы кызмет!н!н аткарылуы ,жастардын айкын жолын корсетпек .

  4. Оз халкына – ози ок аткызган Укиметкеде Президенткеде сенбеймин… Россияда да ереуилге шыгып жатыр гой, Д. Медведов болса, Россия халкы активный стал деп, куанышын жасырмауда, ойларын ашык айткан халыкка ок атканын кормедик. КАЗАК МЕМЛЕКЕТИН Букил алемнин алдында уятка калдырды гой, халкын коргаудын орнына… Аткандары аз болгандай дубинкамен ары карай урганы калай, халыкты мал курлы кормегендерине журегим ауырып, истерине айтар созим битип …не деген маскара. ОСЫ ЖЕРДИ КОРГАП ОСЫ ЖЕРГЕ КАНЫН ТОККЕН АУЛИЕ БАТЫРЛАР ХАНДАР, АТА БАБАЛАР АРУАГЫ КАН ИШЕРЛЕРДИ КЕШИРМЕЙДИ, АЛИДЕ ЖАУАБЫН АЛАДЫ, ДЕГЕНМЕН ЖАУАБЫ АУЫР БОЛАДЫ, ОЛАР КУДАЙ ЕМЕС КОЙ,… артын кутейик…ХАЛЫККА ОК АТЫП, АР СЕМЬЯГА КАЙГЫГА ЖАПТЫРГАНДАР ЖАЗАСЫН АДАМНАН ДА АЛЛАДАН ДА АЛАДЫ…КАМАУДАГЫЛАРДЫ 3 ТОРТЕУИ ЖАБЫЛДЫП САБАП АК ОЛТИРИП ЖАТКАН БОЛАР деп ойлаймын, ФАШИСТЕРДЕН АСЫП КЕТТИ ГОЙ, МАСЕЛЕЛЕРДИ АРДАЙЫМ акша куши ГАНА ШЕШЕ БЕРЕДИ ЕКЕН ДЕП ШАШЫЛЫП КЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ, …барин умытып адами касиеттен айырылуга болмайды. НЕ ДЕГЕН СУМДЫК болды …

  5. Өздері барлығын бүлдіріп алып, «Комиссия құрып,тексереміз!» дегенінің өзі өте ұят жағдай!!!.Үкімет өзін-өзі тексере ме?!! Жағдайды осыған жеткізіп отырған Системадан құрылған Комиссияға кім сенеді!!!Яғни экономикалық мәселені 7-ай бойы шешпей,қарулы қақтығысқа әкеліп,қарапайым халыққа оқ атып,қанша адам өліп,қанша адам жараланып,халықты қорғауға тиісті ішкі армияны өз халқына айдап салып,екі жақтан да адам өліміне әкеп соқты!!! Комиссия Билік жағынан емес,халық жағынан құрылуы керек!!!Және де Үкімет оған ешқандай кедергі жасамауы керек!!!Бұлай болмағанда,бұл елде ешқашан тәртіп болмайды! Және де бұдан ары ушыға берсе,бұның арты Революцияға әкеліп соғады!!!

  6. Мемлекет басшысы «…ақпараттың мейлінше ашықтығын қамтамасыз етуді, қорытындысы туралы халыққа хабарлауды, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруды» тапсырды дейди, арине бари соз жузинде, ис жузинде халыктан негизги шындыкты жасырып, туншыктырып, бұл окиганы да жаба салмакшы гой. халыкты саясаттын курбаны кылгандарынызды, ойыншык кылганды койыныздар енди

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз