Көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді
2019 ж. 21 маусым
3406
0
Алматы қаласындағы үгіт науқаны барысында Дания Еспаеваның са
йлауалды штабы «Ақсай-нан» наубайханасының ұжымымен кездескен болатын. Кездесу барысында көпбалалы ана Әсел Сейтова өзінің атаулы әлеуметтік жәрдемақы ала алмай жүргенін айтты.
«Осы кездесуді қолданып, өзім сізге шағымданып едім, көп балалы аналарға тиісті көмекті ала алмай жтқаныма. Әкімшілік пропискаң жоқ, жалақы туралы анықтама керек, тағы басқа сылтау айтып мені шығарып салатын. Оларға қаншама бардым, еш шешім болған жоқ», – деп жазды ол өз хатында.
Аталмыш мәселе бойынша «Ақ жол» партиясы, оның ішінде партияның Алматы қалалық филиалы көпбалалы анаға көмек білдіріп, оның атаулы әлеуметтік көмек алуына қол жеткізді. Осыған орай Әсел Сейтова партия төрағасы Азат Перуашевтің хат жолдап, алғысын білдірді.
«Қарапайым халық өз құқығын біле бермейді. Сіз басқарып отырған «Ақ жол» партиясы осындай жағдайда көмек бергеніне мен шын жүректен алғыс айтамын», - деді көпбалалы ана.
qazaquni.kz