Қотыркөл кез келген ауруға шипа болмайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру мәселесі туралы мәлімдеме жасады. «Санаторий-курорттық емдеу орнын таңдау мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады. Нысан міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы керек. Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, бұл нысандарды қыз­мет көрсетушілер тізбесіне тіркелуін және қолжетімділік паспортының болуын міндеттеуді көздеп отырмыз», – деді вице-министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған соң, адамдар санаторийге таңдау жасай алады. «Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар таңдау жасай алмайды. Қай жері ауырса да, Қотыркөлге жіберіледі. Портал іске қосылғанда, адам өз денсаулығына қарай шипажай таңдай алады. Тірек-қимыл жүйесі бұзылса, Мойылдыда балшықпен емдеуге болады дегендей. Қазір бұл мәселе порталдың жұмысына тікелей байланысты», – деді вице-министр.

qazaquni.kz