Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді - Президент
2019 ж. 18 маусым
2118
2
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі жұмыстары, ұйымның XXVII сессиясында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынас саласындағы жағдайлар жөнінде баяндалды.
Қазақстан Президенті Ассамблеяның жүргізіп жатқан жұмыстары үшін Ж.Түймебаевқа ризашылық білдірді.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жұмысы, соның ішінде президент сайлауы барысындағы еңбегі үшін, ризашылық білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.