ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митинг бойынша пікір білдірді
2019 ж. 09 маусым
2978
0
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингке орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған ҚДТ эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты. Өздеріңізге де белгілі болып отырғандай, аталған ұйымның қашқын басшысы сайлау қарсаңында елдегі билікті дискредитациялау, кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жұмысын жүргізді. Сайлау кезеңінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырды. Олардың деструктивті шақыруларына қарамастан сайлау жоспарлы режімде өтіп жатыр. Халық өздерінің қалауларын білдіру үшін сайлау учаскелеріне баруда», - деді бірінші вице-министр Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Оның сөзінше, қазіргі таңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау шаралары қабылданып жатыр.
«Барлықтарыңызға белгілі, заңнамамызда кез келген бейбіт жиын, шеру, митинг өткізу тәртібі нақты жазылған. Заңды талапты сақтамағандар жауапқа тартылады», - деді Марат Қожаев.