БАСТАПҚЫ ЖАРНАСЫЗ БАСПАНА
2019 ж. 07 маусым
2505
0
Қазақстан ипотекалық компаниясы мен ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығы мен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды.
Осы келісімдер арқылы министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамту жоспарланған. Аталмыш бағыттағы қызметті қаржыландыруға шамамен 40 млрд. теңге «ҚИК» ИҰ» АҚ меншікті қаражаты мен нарықтық талаптарға сәйкес, қарызға алынған қаражат жұмсалатын болады. Осыған сәйкес, бағдарламаны іске асыру мемлекеттік бюджетке қосымша салмақ салмайды. Қатысушылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді жалдау мерзімі 20 жыл. Баспана бастапқы жарнасыз беріледі. Тұрғын үйді кез-келген уақытта және айыппұл санкцияларын қолданусыз мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар. Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, кепілгерлерді тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл ретте бағдарлама бойынша жалгерлік төлемнің орташа айлық құны республика бойынша орташа бағадан төмен болмақ. «Қазақстан ипотекалық компаниясы білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін тұрғын үйді ипотекалық несиелендіру бойынша арнайы бағдарлама әзірледі. Компаниямыз 2015 жылдан бері сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер салу мен сатып алуды қаржыландырып келеді. Осы кезге дейін біз Қазақстан бойынша 18 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Компанияның осынау тәжірибесі осы әлеуметтік маңызы бар жобаны нәтижелі іске асыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз», – деді «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ОКҚ-а өткен баспасөз мәслихатында. Тұрғын үй алуға үміткерлер тізімін тікелей министрліктер құратын болады.
qazaquni.kz