Ағзасына трансплантация жасалған адамдар арасында Ұлттық спорт ойындары өтеді
2019 ж. 07 маусым
1591
0
10-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ағзасына трансплантация жасалған адамдар мен диализдегі емделушілер арасында Ұлттық спорт ойындары өтеді. Брифингпен ойындардың салтанатты ашылуы 10 маусымда 09.00 сағатта «Алау» Мұз айдыны сарайында өтеді.
Ойындарды өткізу мақсаты тұрғындардың донорлар және ағзалар трансплантациясы туралы ақпараттануын қамтамасыз ету, ағзасына трансплантация жасалған адамдардың физикалық мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортты дәріптеу болып табылады.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Трансплантация жасалғандар және диализдегі адамдар арасындағы спортсмендер Еуропалық Федерациясының Президенті Беренте Юдит (Berente Judit), «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова, және басқа да саясат, мәдениет және спорттың көрнекті қайраткерлері қатысады. Іс-шарада «Трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалардың тіндерін алуға көзі тірісінде ерікті түрде келісім беруді тіркеу үшін» Өтінішіне қол қою салтанаты өтеді.
Жарыстар мына спорт түрлері арасында өтеді: жүзу, үстел теннисі, боулинг, дартс және волейбол. Ойындарға Қазақстаннан, Польшадан және Ресейден келген спортсмендер қатысады. Ойындардың жеңімпаздары Қазақстанның құрама командасы ретінде ағзаларына трансплантация жасалған адамдарға арналған Дүниежүзілік жаздық спорт ойындарына қатысатын болады.
Іс-шара ұйымдастырушылары «Өмір тынысы» трансплантация жасалған сырқаттар Қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Халықтар Ассамблеясы, «Сенім» бүйрек мүшесін ауыстырған мүгедектер және гемодиализдегі науқастар қоғамы» РҚБ, «ПИК ЮТАРИЯ LTD », «Diaverum» және «Turan» компаниялар тобының қолдауымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ болып табылады.
Аккредитация мәселелері бойынша мына байланыстарға хабарласыңыздар:
Ұялы.: +7 708 695 14 97 Меруэрт Сырлыбаева E-mail: marketing.heartcenter@gmail.com
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тұран даңғылы 38
Аккредитация 8 маусымға түстен кейінгі сағат 14-ке дейін қабылданады.