Қылмыстан көз ашпаған кеден
2019 ж. 31 мамыр
3728
0
Еліміздегі ең кең тараған қылмыс түрі – жемқорлық. Жылдар бойы сол жемқорлықтың көшін кеден қызметі бастап келе жатыр десек артық емес. Тобымен топырлап түрмеге түсіп жатса да, кедендіктер алған бетінен қайтар түрі жоқ.
Кеден бекеттерінің 20-ға жуық қызметкері аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тағы да күдікке ілінді. Алматы облысындағы «Нұр Жолы», «Қалжат» және Түркістан облысындағы «Қонысбеков атындағы» кеден бекеттерінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алғандары үшін айыпталуда. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар Қытайдан Өзбекстанға тауарларды кедергісіз өткізу үшін ақша бопсалаған көрінеді. Тексеріс кезінде қылмыстық жолмен табылған ірі көлемдегі ұлттық және шетелдік валюта табылған. Қазіргі уақытта Ұлттық қаіпсіздік комитетінің мамандары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынған. Ал қалғандарына кінәларын толық мойындағандықтан бұлтартпау шарасы қолданылды.
qazaquni.kz