Қарағандыда бала көз жұмған батуттың иесі ТЖД-ның шенеунігі болып шықты
2019 ж. 28 мамыр
2415
0
Қарағандыдағы орталық саябақта болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды. 11 жасар баланың көз жұмуына және 3 баланың жарақат алып, ауруханаға түсуіне себепші болған батуттың қожайыны Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің жауапты қызметкері болып шықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Батут оның басты қызметінен кейінгі бизнес көзі болды. Яғни, ол батут шенеуніктің 37 жастағы әйелінің атына тіркелген. Алайда, іс жүзінде барлық жұмыспен ТЖД-ның жедел бөлімінің бастығы, яғни күйеуі айналысқан. Міне, сондықтан да қамауға оның әйелі емес, өзі алынып отыр.
Қарағандының құқық қорғау органдары да ұсталған азаматтың мемлекеттік қызметкер және басшы лауазымында отырған шекеунік екенін растады.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды.