ІШКІ ТУРИЗМДЕ ІРКІЛІС КӨП
2019 ж. 24 мамыр
2633
0
Шетелде демалатын қазақстандықтар саны ішкі туристерден екі есе көп. Бұл туралы ҚазАқпарат «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлады.
«Оған тиісті ұсыныс пен инфрақұрылымның жоқтығымен қоса, ақпараттың аздығы да себеп болып тұр. Сондықтан, халыққа еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы ақпаратты тұрақты түрде бере отырып, оларды ел ішінде саяхаттауға ынталандыру керек», – дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Өркен Бисақаев. Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклі ұйымдастырылмақ. Бірақ бұл шарадан айтарлықтай нәтиже шығуы екіталай. Өйткені, біздегі туризмнің қызмет сапасы төмен, ал оның бағасы тым қымбат. Сондықтан, ақпараттық шаралармен қоса осы кемшіліктерді де ескерген жөн.
qazaquni.kz